ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
20.11.2025, 14:45

Митрополиттік округтің Басшысы мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийдің (Козорез) тыныққан орнында лития оқыды.

Митрополиттік округтің Басшысы мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийдің (Козорез) тыныққан орнында лития оқыды.

20 қараша 2025 жыл. Шымкент. Шымкент епархиясына архипасторлық сапармен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александр Никольский кафедралды соборының құрбандық үстелінде жерленген, мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийге (Козорез) арнап лития оқыды.

Дұға бағыштау рәсімінде дұға еткендер: Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан,  Құдай Ананың «Қайғылылардың қуанышы» белгішесі құрметіне арналған алматылық шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Оңтүстік-Қазақстан шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Антоний (Соловьев); Шымкент және Алма-Ата епархияларының дін қауымы; марқұмның рухани балалары; қала шіркеулерінің приходтары.

Николай кафедралды  соборының хоры Е.В. Алешинаның жетекшілігімен ән айтты.

Лития соңында дін қауымы мен сенушілер  мәңгілік естелік әнін айтты. Жерленген жерге гүл шоқтары қойылды.

Митрополит Александр жиналғандарға сөз сөйлеп, мәңгі есте қалатын епископтың еңбегін ризашылықпен еске алды.

«Отыз жылдан астам уақыт бойы марқұм әулие Мәсіхтің Шіркеуіне апостолдық қызмет айқышын көтеріп, «Ізгі хабардың құпиясын жариялай отырып» сүйіспеншілікпен және құлшыныспен әртүрлі жұмыстарды орындай отырып (Еф. 6:19), оның қамқорлығына тапсырылған қауымның Мәсіхтің сенімінің өсуіне белсенді қамқорлық көрсетті. Ол атеизмнің мұзды бұғаулары құлағаннан кейін құтты Қазақстан жерінде шіркеу өмірінің қайта жанданып, дамуының куәсі және белсенді қатысушысы болды. Сол алыс жылдары жаңадан тағайындалған архипастор өзінің бар таланты мен күшін, қайраты мен білімін Оңтүстік және Солтүстік Қазақстандағы және еліміздің орталық аймақтарындағы шіркеу өмірін ұйымдастыруға бағыттады. Билеуші қорланған ғибадатханаларды қалпына келтірді, жаңа приходтар ашты, қайырымдылық, білім беру және жастардың қызмет ету бағыттарын дамытуға бастамашы болды және мемлекеттік қызметкерлермен және дәстүрлі діндердің жетекшілерімен диалог жүргізді. Ол өзінің қызметі арқылы осы аймақтарды Митрополиттік округтің жаңа епархияларын құруға дайындады: Қостанай, Петропавл, Көкшетау және Қарағанды. Әркез елшінің  сөзіне сәйкес, архиепископ Елевферий «сөзімен, жүріс-тұрысымен, сүйіспеншілігімен, рухымен, сенімімен, тазалығымен сенушілерге үлгі болуға» ұмтылды (1 Тим. 4:12). Марқұм әулие біздің жадымызда өзінен көмек пен жұбаныш сұраған кез келген адамға қолдау көрсетуге ұмтылған кішіпейіл, сезімтал және мейірімді адам ретінде қалады». Митрополит Александрдың архиепископ Елевферийлі еске алуға арналған уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді