21 ноября 2025 года – Архангел Михаил және Аспанның басқа Күштері құрметіне арналған мереке.
Қаскелең қаласында Алматы епархиясындағы ең көне шіркеулердің бірі – Михаило-Архангельский шіркеуінің салынып бітуіне және қасиетті етілуіне 125 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті.
Тарихи күнге және мерейтойлық мерекеге орай Астана және Қазақстан митрополиті Александр Архангел Михайл шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.
Архипасторға қызмет еткендер:
Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан; Орал және Атырау епископы Вианор; Никольский соборының басшысы, Алматы шіркеулерінік құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров; Протоиерей Евгений Воробьев, Құдай Анасының «Барлық қайғырғандардың қуанышы» белгішесінің құрметіне арналғар алматылық шіркеудің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Ұзын-Ағаш шіркеу округінің құрметті өкілі және Ұзынағаш ауылындағы Қазан шіркеуінің басшысы протоиерей Геннадий Кадников; Есік Спасо-Силуанова монастырінің басшысы игумен Назарий (Марков); Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополит округінің ақпараттық- баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; дене шынықтыру және спорт жөніндегі Патриархалдық комиссияның мүшесі, Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборының клиригі игумен Филипп (Моисеев); Михаило-Архангельский шіркеуінің бамшясы протоиерей Павел Придатченко; Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Атыраудағы Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Варфоломей (Мостовщиков); иерей Роман Кравченко; Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Рустик Якупов, диакон Даниил Пасюк.
Қызметте дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің хормейстері, Орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Шіркеудің қайырымдылық жасаушылары мен приходтары; Қаскелең қаласының православие тұрғындары мен оған жақын ауылдардың діндарлары.
Қаскелең қаласының әкімі А.О.
Мұқашев мерекелік шараның қонағы болды.
Әндерді диакон Александр Пивняның жетекшілігімен Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.
Марқұмдарды еске алуда Михаило-Архангельский шіркеуінің қайтыс болған құрылысшылары мен көркейтушілеріне, ғибадат ету қызметтерін қалпына келтірушілерге, қайтыс болған дінбасылары мен приходтарына; «құдайсыздардың қатты қудалауы кезінде азапталып, өлтірілді, аштықтан, суықтан, жаралардан, аурулардан және ауыр жұмыстан қаза тапқан»православиелік христиандарына бағыштап жалынды дұғалар жасалды.
Қасиетті өлеңнен кейін протоиерей Валерий Захаров уағызын айтты. Литургия соңында Денесіз Періштелік Күштерге мадақтау жасалды.
Митрополит Александр архиерейлік қызметке тағайындалғанға дейін Михаило-Архангельский шіркеуінің басшысы қызметін атқарған Орал және Атырау епископы Вианорды, Ұзын-Ағаш шіркеу округінің құрметту өкілі, протоиерей Павел Придатченко шіркеуінің қазіргі басшысы протоиерей Геннадий Кадниковты, дін қызметкерлерді, монаастырдегілер мен приходтарды Қаскелеңнің рухани өміріндегі осынау айтулы оқиға - Михаило-Архангельский шіркеуінің құрылысының аяқталуымен және қасиетті рәсіміне 125 жыл толуымен, сондай-ақ тақ мерекесімен құттықтады, содан кейін ол дұға, құрбандық немесе жеке қатысу арқылы приходтық өмірге көмектескен және қолдау көрсетіп жатқандардың барлығына шын жүректен алғысын білдірді.
Митрополит округінің басшысы дұға етіп еске алу үшін шіркеуге «Христос- Ұлы Архиерей» белгішесін сыйға тартты.
Протодиакон Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Қазақстан митрополиттік округінің Басшысына, архипастырларына, дін қызметкерлеріне және қауымына; Ел Президентіне, билік органдарына, әскерилерге және бүкіл Қазақстан халқына; Михаило-Архангельский шіркеуінің негізін қалаушыларына, жанашырларына, қайырымдыларына және приходтарына ұзақ ғұмырлы өмір тіледі.
Қаскелең қаласының әкімі А.О. Мұқашев қатысушыларға құттықтау сөзін сөйледі. Билеуші митрополит қала басшысына шынайы алғысын білдірді.
Архангел Михайл шіркеуінің игілігі үшін атқарған еңбегін бағалап, Жоғары Мәртебелі протоиерей Павел Придатченкоға Верненский және Жетісу епископы қасиетті шейіт Пимен орденін табыс етті.
Ктиторлар, қайырымды жандар және приходтық өмірге белсенді қатысушылар Қазақстанның Православие Шіркеуінің ордендерімен және медальдарымен марапатталды.
Орал және Атырау епископы Вианор митрополит Александрға архипастарлық сапары, мерейтойға арналған мерекелік шараларға қатысқаны және Михаило-Архангельский шіркеуінің өміріне қамқорлығы үшін алғысын білдірді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы өзінің иподиаконы Михаил Калмыковты есімі күнімен құттықтап, оған Христос шіркеуіне құлшыныспен қызмет етудғ Құдайдың мейірімі, рухани және тән саулығын тіледі.
"Құдайдың ғибадатханасының қасында тұратын адам бақытты! Ол Аспанға жақын, Жұмаққа жақын, құтқарылуға жақын жерде тұрады",- днйді әулие Игнатий (Брянчанинов).
Православиелік адамдар тарих бойы өз өмірлерін шіркеусіз елестеткен емес. Ұлы астаналық соборлар да, шағын ауылдық шіркеулер де мәңгілік туралы еске түсіріп, жайлылық пен жұбаныш беретін сенуші жүрек үшін әрқашан «Жердегі Аспанды» бейнелейді. Биыл Қаскелең қаласындағы осы көне шіркеу – Қасиетті Архангел Михайл шіркеуінің салынып біткеніне және қасиетті болғанына 125 жыл толып отыр. Бүгінде Михаило-Архангельский шіркеуі Қазақстандағы шіркеу өмірінің жаңару символдарының бірі және жаугершілік сенімсіздікке қарсы Құдайдың ақиқатын батыл мойындаған ХХ ғасырдағы дінбасылары мен қарапайым адамдардың ерлігінің ескерткіші болып табылады. Әрбір шіркеудің тарихы христиан рухы үшін құнды және ғибратты. Бұл шіркеу атеистік ХХ ғасырдың аласапыран онжылдықтарын басынан өткерді және ол Қаскелең қаласы мен бүкіл еліміз үшін берекелі нұрдың көзі болды және әрі қарай қала береді.
Бұл күні біз барлық жақсы періштелерді - Иеміздің материалдық емес қызметшілері және құтқарылу жолындағы жақсы көмекшілерімізге дұға етеміз, құрметтейміз және ерекше түрде дәріптейміз. Періштелік күштерді еске алу тек бүгінгі күнге ғана арналмаған. Мәсіхтің Шіркеуі әр аптаның дүйсенбісін көктегі Аспан иелерін мадақтау үшін белгіледі. Құдайдың періштелері, біз Киелі кітап пен қасиетті дәстүрден білетініміздей, Жаратушының еркін орындап, ғаламның әртүрлі бөліктеріне, табиғат құбылыстарына, халықтар мен елдерге қамқорлық жасайды. Күнделікті үйдегі қүлшылық ережесін орындайтын кез келген адам кешкі және таңғы құлшылық арасында көктегі шапағатшыға - Қорғаушы Періштеге ерекше үндеу бар екенін біледі. Күнделікті өмірімізде, жұмысымызда және қамқорлығымызда ұмытпауға тырысып, көктегі шапағатшымызды, Жаратқан Иенің алдындағы шапағатшымызды, Қорғаныш періштемізді мүмкіндігінше жиі еске алып: «Құдайдың қасиетті періштесі, менің қамқоршым, мен үшін Құдайға дұға ет», деп оған қысқаша үндеумен жүгінейік. Митрополит Александрдың уағызынан.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр