ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
05.12.2025, 18:00

Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Қасиетті Патриарх II Алексийді еске алу рәсімі өтті

Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Қасиетті Патриарх II Алексийді еске алу рәсімі өтті

5 желтоқсан 2025 жыл. Мәскеу. Мәңгілік есте қалатын Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Алексий II тыныққанына он жеті жыл толуына орай Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласының Патриархалдық қоналқалық үйі – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Өкілдігіндегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София ғибадатханасында еске алу рәсімін өткізді.

Ғибадат ету рәсімінде Өкілдіктің қызметкерлері, патриархалдық метохионның негізін салушылар және шіркеудің приходтары қатысты.

Қасиетті Патриарх Алексий II 2008 жылдың 5 желтоқсанында марқұмдық болды. Орыс Православие Шіркеуін 18 жыл басқарған Басшы Мәскеудегі Богоявленский кафедралды соборының Благовещенский ғимаратында жерленді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді