ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
12.12.2025, 09:00

Митрополит Александр Астана және Алматы епархиясының епархиялық кеңесінің отырысын өткізді

Митрополит Александр Астана және Алматы епархиясының епархиялық кеңесінің отырысын өткізді

11 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығының ғимаратында Астана және Алматы епархиясының епархиялық кеңесінің отырысын өткізді.

Отырцсқа қатысқандар: Қаскелең епископы Геннадий, Қазақстан митрополиттік округінің істері басшысы Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматы приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Қазақстан Митрополиттік округінің діни білім және катехизация басқармасының төрағасы, Оңтүстік астанадағы Покровский шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Бобылев; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, епархия кеңесінің хатшысы, протоиерей Александр Суворов; Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборының клиригі протоиерей Александр Иевлев; Астана қаласындағы Успенский соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек).

Отырысқа сонымен қатар Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, орыс шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников қатысты.

Митрополит Александр епархия кеңесінің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, 2026 жылы атап өтілетін негізгі мерейтойлық күндерді: Қазақстанның көктегі қорғаушылары – қасиетті шейіт Серафим мен Алматылық Феогност жәдігерлерінің ашылғанына 25 жылдығын; көрнекті рухани ағартушы, Түркістан және Ташкент епископы Александрдың (Кульчицкий) туғанына 200 жылдығын; Оңтүстік астанадағы ең көне шіркеулердің бірі - Орыс Православие Шіркеуінің  әулие Николай  Чудотворец  соборының құрметіне оралуының 80 жылдығын атап өтті. Митрополиттік округ Басшысы епархияда өтетін рухани-ағартушылық, ғылыми және мәдени іс-шаралардың тізімін жариялады.

 

Еске алу шаралары аясында Астана мен Алматы қалаларында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, хор және көркем ұжымдардың концерттері, фотокөрмелер өтеді. Епархия кеңесінің мүшелеріне мерекелік шараларға дайындық бойынша тапсырмалар берілді.

Жұмыс отырысы барысында Алматы епархиясының діни қызметкерлерін, шіркеу, ғибадатхана қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ететін епархиялық қамқоршылық комитетін құру туралы шешім қабылданды. Комиссия басшысы болып Қазақстан Митрополиттік округінің қайырымдылық және әлеуметтік қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы протоиерей Вячеслав Пугачев тағайындалды.

Кеңес мүшелері алдағы епархия жиналысының күн тәртібін бекітті және оның хатшысы етіп иеромонах Прохорды (Ендовицкий) тағайындауды ұсынды.

Отырысқа қатысушылар епархия приходтарында Мәсіхтің Рождествочы мен Құдай Кейіпінің Пайда Болуын атап өтуге арналған дайындық мәселелерін талқылады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді