ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
16.12.2025, 14:00

Митрополит Александр Алматы православиелік рухани семинариясының әкімшілігі мен қызметкерлеріне шіркеу марапаттарын табыс етті

Митрополит Александр Алматы православиелік рухани семинариясының әкімшілігі мен қызметкерлеріне шіркеу марапаттарын табыс етті

15 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының тақ залында Алматы православиелік рухани семинариясының әкімшілігіне, оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне шіркеу марапаттары табыс етілді.

Марапаттау рәсімі теологиялық мектептің құрылғанына 15 жыл толуын мерекелеу аясында өтті.

Салтанатты рәсімге Астана және Қазақстан митрополиті Александр төрағалық етті.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің регенті, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің басшысы,

Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, теология ғылымдарының кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), митрополиттік протокол қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин.

Жоғары Мәртебелі марапатталғандар алдында сөз сөйлеп, атап айтқанда былай деді: «Биыл біздің рухани мектебіміз өзінің құрылғанына 15 жылдығын атап өтуде. Бұл күн баршамызды жүріп өткен жолымызға ой жүгіртіп, рухани білімнің одан әрі өмір сүруі мен дамуының векторын анықтауға итермелейді. Бүгінгі таңда Қазақстан Православие Шіркеуінің жалғыз жоғары рухани оқу орны бола отырып, Алматы семинариясы өзінің білім беру және тәрбиелеу дәстүрлерін белсенді түрде қалыптастыруға, қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап беруге қабілетті Жаратушы Иеміз жолындағы еңбекқор қызметкерлерді дайындауға, әртүрлі ұрпақ, наным-сенім және ұлт өкілдерімен ортақ тіл таба алатын оқу қызметін жүзеге асыруға міндетті.

Рухани білім беру жолында еңбек етушілердің алдында: құрбандықпен жұмыс істеу және рухани оқу орнымыздың күшейе түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау (Пс. 82:8), елеулі ғылыми орталыққа, қазақстандық қоғамдағы православиелік дәстүрдің тірегі және болашақ пасторлар мен діни қызметкерлер үшін шынайы христиандық тақуалық мектебіне айналу жауапты міндеті тұр. Мен бүгінгі заманда пастор ретінде қызмет ету немесе басқа да маңызды міндеттерді орындау қаншалықты қиын екенін білемін. Қүдайдың рақымымен, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында семинариямыздың тіршілігі өркендеп келеді. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын және әртүрлі жағдайлар мен қиыншылықтарға тап болған кезде рухани батылдығыңызды жоғалтпауыңызды сұраймын. «Құдай бізбен бірге!» – Рождестволық мерекелерде жиі айтылатын бұл сөздер православиелік христиан өмірінің сөзсіз шындығы болып табылады», - деді иерарх.

Рухани білімді дамытудағы еңбектері үшін және Алматы православиелік рухани семинариясының құрылғанына 15 жыл толуына орай келесілер шіркеудің құрмет грамотасымен марапатталды:

  • тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры діни қызметкер Иоанн Ливинский және оқу жұмысы жөніндегі проректоры Петр Бахтияров, Библиялық және теологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, Теологиялық мектептің ғылыми қызметкері протоиерей Александр Суворов – «Түркістан және Ташкент архиепископы, Жетісу ағартушысы әулие Софонии» орденімен;
  • ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры А.П. Соловьев – «Ынталы Қызмет Үшiн» (За Усердное Служение) орденімен;
  • Шіркеу тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя, библиялық және теологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі иерей Олег Лисин, Алматы теологиялық семинария канцеляриясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов, Алматы рухани семинариясының инспекторы иерей  Евгений Бессонов, шіркеу тәжірибелік бөлімінің оқытушысы, Хегумен Владимир (Өтегенов), библиялық және теологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы игумен Филипп (Моисеев), шіркеу тәжірибелік бөлімінің оқытушысы, иеромонах Исаак(Истелюев), шіркеу-тарихи пәндер кафедрасының оқытушысы диакон Андрей Плетень – «Түркістан және Ташкент архиепископы, Жетісу ағартушысы әулие Софонии»медалімен;
  • Алматы рухани семинариясының көп жылдан бері  орыс тілінің оқытушысы болып табылатын монахиня Анна (Прыгунова) – «Түркістан және Ташкент архиепископы, Жетісу ағартушысы әулие Софонии»орденімен;
  • филология және шіркеу әні пәндері кафедраларының оқытушысы Е.В. Савельева – ордена «Енбек Үшiн» (За труды) орденімен;
  • Алматы рухани семинариясының хор регенті О.В. Кузнецова – «Қазақстан Православие Шіркеуіне сіңірген еңбегі үшін» орденімен;
  • Тіл пәндері кафедрасының оқытушысы М.Г. Иванова, шіркеу әні пәндері кафедрасының оқытушысы М.А.Левушина және шіркеулік- әні пәндері кафедрасының оқытушысы С.Ж. Ахметова – «Алғыс» архиерейләк грамотасымен марапатталды.

Митрополит билеушісі жиналғандарды құттықтап, еңбектері үшін алғысын айтып, денсаулық, ұзақ өмір және Жаратқан Иенің мейіріміне бөленуді тіледі.

Марапаттаушылардың атынан протоиерей Александр Суворов Митрополиттік округ басшысына сөз сөйледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді