ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
16.12.2025, 18:00

Ұлы даланың апостолы және тұңғыш Түркістан архипасторы, Қүдайдың пайғамбары Софанийды еске алу күні. Митрополиттік округ Басшысы Алматыдағы София соборында Литургияны өткізді

Ұлы даланың апостолы және тұңғыш Түркістан архипасторы, Қүдайдың пайғамбары Софанийды еске алу күні. Митрополиттік округ Басшысы Алматыдағы София соборында Литургияны өткізді

16 желтоқсан 2025 жыл –Түркістанның тұңғыш архипасторы, Ұлы даланың елшісі, ХIХ ғасырдың көрнекті иерархы архиепископ Софонидың (Сокольский; † 1877) көктегі қамқоршысы -  Құдайдың пайғамбары Софоний құрметіне арналған мереке.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырінің әулие София соборында Құдайлық Литургияны өткізді.

София соборының құрбандық үстелінің апсидінің оңтүстік жағында орналасқан Мәсіхтің Қайта Тірілу шағын шіркеуінде мәңгі есте қалатын әулиенің соңғы ақтық демі таусылған орны болып табылады. Оның ізбасарларының бірі епископ Никон да (Богоявленский; † 1877) сонда жерленген.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер:  Астана Епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округінің істері Басшысы Қаскелең епископы Геннадий және Талдықорған епископы Клавдиан; Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі және Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесі құрметіна арналған алматылық шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы рухани семинариясының ректоры және Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов; Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя; Александро-Невский шіркеуінің басшысы протоиерей Иоанн Лопатин, Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин;

Гүлдала ауылындағы Иоанно-Предтеченский шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Харлов, протоиерей Александр Соколов, Іле шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов, иеромонах Роман (Чистяков), Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Алматы рухани семинариясының оқу ісі жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, рухани мектеп канцеляриясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов, Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, Алматы православиелік рухани семинариясының сырттай жұмыс бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский, Адриано-Наталиевский шіркеуінің кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, диакон Рустик Якупов, диакон Андрей Плахута, диакон Роман Караман, диакон Илия Воробьев, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк.

Литургияда дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің регенті, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің  басшысы игумения  Любовь (Якушкина) монастырлік апаларымен; Алматы православиелік рухани семинариясының студенттері, Митрополит округі бөлімдері мен комиссияларының қызметкерлері, Алматы епархия басқармасының қызметкерлері; алматылық шіркеулерінің приходтары мен көптеген қажылар.

О.Усолцеваның жетекшілігімен Иверско-Серафимовский монастырінің София соборының хоры ән шырқады.

Қызмет барысында монастырда жерленген мәңгі есте қалатын қазақ иерархтары - архиепископ Софонийге (Сокольский, †1877), епископ Никонғк (Богоявленский, †1897) және митрополит Иосифке (Чернов, †197) 

Иверско-Серафимовкий монастырінің қайтыс болған басшылары - монахиня Паисияға (Крючкова), игумения Нектарияға (Димитриева) және игумен Евфросиниге (Бакуревич), төңкеріске дейінгі кезеңде және қазіргі уақытта монастырде қызмет еткендердің барлығына бағышталып дұға оқылды;

Қасиетті өлеңнен кейін уағызды Алматы православиелік рухани семинариясының оқытушысы иерей Георгий Сидоров айтты.

Литургия соңында митрополит Александр иерархтарға, дінбасыларға, монастырларға және діндарларға ортақ дұғалары үшін шын жүректен алғысын айтып, ғибратты сөзін айтты.

Қызмет соңында Митрополиттік округ Басшысы Алматы рухани семинариясының дайындық курсының студенттеріне арнайы киімді киюге батасын берді.

Әрі қарай иерархтар, дін қызметкерлері және сенушілер монастырь аумағында орналасқан Воскресенский шағын шіркеуіне  барды, онда архиепископ Софонидың (Сокольский) қабірінде лития оқыды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді