ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
19.12.2025, 12:00

Әулие Николай Чудотворецті еске алу күні. Митрополит Александр Алматыдағы Никольский соборының тақ мерекесін басқарды

Әулие Николай Чудотворецті еске алу күні. Митрополит Александр Алматыдағы Никольский соборының тақ мерекесін басқарды

19 желтоқсан 2025 жыл. Мир Мир Ликийский  архиепископы, ғажайып жасаушы. әулие Николайды еске алу күні.

Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Никольский соборында тақ мерекеге орай Құдайлық Литургияны басқарды.

Митрополитке қызмет еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Астана епархиясының викарийі, Қазақстан Митрополиттік округі істерінің басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий; Оңтүстік астананың приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға Қуаныш» белгішесі құрметіне арналған алматылық шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Митрополитиік округтің білім беру және катехизация бөлімінің жетекшісі, Покровский шіркеуінің және Ең Қасиетті Құдай Анасының Соборы құрметіне арналған шіркеу басшысы протоиерей Евгений Бобылев; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополитиік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Александр Невский храмының басшысы протоиерей Иоанн Лопатин; Богоявленский шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Шаврин; Петропавл шіркеуінің кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр; Алматы рухани семинариясы тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский; митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополитиік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Алматыдағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; Алматы рухани семинариясының сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; қалалық дін қызметкерлері.

Литургия басталар алдында собордың құрбандық үстелінен ғибадат ету және сенушілердің рухани нығаюы үшін ғажайып дасаушы әулие Николайдың жәдігерлері бар кеме шығарылды.

Қызметте дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Орыс шіркеу ән айтуын дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, шіркеудің қайырымдылық жасаушылары, Алматы рухани семинариясының оқытушылары мен студенттері, директоры Г.В. Черепанов бастаған  Оңтүстік астананың орталық жексенбілік мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілері.

Құдайға арналған әндерді О.Берекешеваның жетекшілігімен Әулие Николай соборының хоры және О.Соломонованың жетекшілігімен күнделікті хоры орындады.

Николай Чудотворецтің қасиетті естелігін  құрметтеп, оның киелі жәдігерлеріне тағзым ету үшін Никольский соборы мен Оңтүстік астананың шіркеулерінің көптеген прихожандары, сондай-ақ Алматы облысынан келген қажылар жиналды.

Қызметте мына марқұмдардың рухына дұға жасалды: сенімді мойындаушы митрополит Иосиф (Чернов, †1975 ж.); архимандрит Исаакий (Виноградов) – митрополит Николайдың (Могилевский) серігі әрі рухани ұлы; соборды салушылар мен құлшылық өмірін қайта жаңғыртушылар; дүние салған дін қызметкерлері мен шіркеу прихожандары.

Херувим әнінен кейін митрополит Александр Никольский соборының клиригі, богословия кандидаты, Алматы рухани семинариясының шіркеулік-тәжірибелік кафедрасының меңгерушісі және Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің қызметкері диакон Владислав Пашковқа шіркеулік  тағайындау рәсімін жасады.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Иоанн Ливинский оқыды.

Литургия соңында әулие Николайдың белгішесі мен қасиетті жәдігерлері қойылған кеме алдында ұлықтау жасалып, одан кейін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Митрополиялық округтің Басшысына, Жоғары Мәртебелі архипастырларға, дін қызметкерлеріне, монастырдегілерге және Құдай сақтаған Қазақстан Митрополиттік округінің православиелік қауымына; Қазақстан Президентіне, билікке, әскерлеріне және бүкіл халыққа, сондай-ақ осы күннің есім иелеріне көпжылдық ғұмыр жарияланды.

Митрополит Александр архипастырларды, басшы әкені, дін қызметкерлерін, монастырдегілерді және прихожандарды әулие Николай Чудотворециі еске алу күнімен және Алматыдағы ең көне шіркеулердің бірі – Никольский соборының тақ мерекесімен құттықтап, уағызын айтты.

Алматы рухани семинариясының игілігі жолындағы еңбегі және рухани оқу орнының 15 жылдығына байланысты сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев Түркістан епархиясының алғашқы иерархы және Жетісу апостолы архиепископ Софоний (Сокольский) орденімен марапатталды.

Митрополиялық округтің Басшысы Вознесенский кафедралды соборының клиригі протодиакон Николай Гринкевичті есімдер күнімен құттықтап, қасиетті просфораны табыс етіп, денсаулық, ұзақ ғұмыр және Мәсіх Шіркеуіне қызмет етуде Құдайдың көмегін тіледі.

Орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері иерархтар, дін қызметкерлері мен сенушілерге арнап әулие Николайдың өмірі мен ғажайыптары жайлы әдеби-поэтикалық композициясын орындады.

Содан кейін жексенбілік мектеп ғимаратының жанында қасиетті діндар, Алматы және Қазақстан митрополиті Николайға (Могилевский) арналған ескерткіштің ашылуы мен қасиетті етілу рәсімі өтті.

Митрополит Александр ескерткіш авторы мен Никольский соборының қайырымдылық жасаушыларын «Еңбек үшін» (За труды) медальдарымен марапаттады.

Мерекелік құлшылықтың тікелей көрсетілімі «Прообраз» YouTube арнасында «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен өтті (президенті – В.М. Капсамун).

Тақ мерекесініңбейнетүсірілімін Митрополиттіа округтің «Семиречье» телестудиясы да жүзеге асырды (директоры – мәдениет саласының

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді