ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
21.12.2025, 14:00

Жексенбі күні митрополит Александр Астана қаласындағы Успен кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді

Жексенбі күні митрополит Александр Астана қаласындағы Успен кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді

21 желтоқсан 2025 жыл— Елуінші күн мейрамынан кейінгі 28-апта, Фивск әулиесә Патапийді еске алу күні.

Астана  және Қазақстан митрополиті Александр Астананың Успен кафедралды соборында жексенбілік Құдайлық Литургияны өткізді.

Архипастырға қызмет еткендер:

Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), Константин-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев,Астанадағы әулие Серафим Саровский ғибадатханасының клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), Астана өкілдігінің православие жастары қозғалысының жетекшісі иерей Григорий Куликов,митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иерей Сергий Дианов, сондай-ақ диакон дәрежелі қызметкерлер.

Құдайлық қызметке Қазақстанның бас шіркеуіне әулие Николай Чудотворецтің қасиетті жәдігерлерінің бір бөлшегі салынған кеме жеткізілді.

Литургияда дұға еткендер: Астана епархиялық басқармасының қызметкерлері, Астанай православие жастары қозғалысының белсенділері, жексенбілік мектептің ұстаздары мен тәрбиеленушілері.

Қызмет барысында Успен кафедралды соборының хоры О. Варенцованың жетекшілігімен ән шырқады.

Қасиетиі өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) оқыды.

Әулие әрі ғажайып жасаушы Николайға арналған мадақтаудан кейін, оның қасиетті жәдігерлері қойылған кеменің алдында Митрополиттік округтің басшысы жиналған қауымға тәлімдік сөзін сөйледі.

Билеуші митрополит сенушілерді қасиетті сумен септі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді