23 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының тақ залында Қазақстан жеріндегі Православие игілігі үшін еңбек еткен жандарға және өткен жылы мерейтойлық әрі естелік күндерін атап өткендерге шіркеулік наградаларды табыстау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімін Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан басқарды.
Іс-шараға митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий) және Митрополиттік округ Басшысының көмекшісі диакон Даниил Пасюк қатысты.
Құттықтау сөзден кейін архипастырь шіркеулік наградаларды табыстады.
Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің басшысының орынбасары, иерей Кирилл Коноплев «Ынталы қызметі үшін»(За Усердное Служение) медалімен марапатталды.
Алматы епархиясының қажылық қызметінің референті Г.А. Бурмакина «Қазақстан Православие Шіркеуіне сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапатталды.
Қасиетті шейіт Пимен, Верный және Семиречье епископы ордені Оңтүстік астанадағы Никольский соборының қызметкері Т.К. Виденееваға және Алматы епархиялық басқармасының қызметкері Е.В. Грабовскаяға табысталды.
Түркістан епархиясының тұңғыш иерархы және Жетісу апостолы архиепископ Софоний (Сокольский) орденімен «Қазақстандағы Православие нұры» журналының бас редакторы М.В. Сазонова марапатталды.
Г.И. Клыпа қасиетті мойындаушы Николай, Алматы және Қазақстан митрополиті орденіне ие болды.
Никольский соборының күзет қызметінің қызметкері В.С. Винокуров «Алғыс» (Благодарность) медалімен марапатталды.
Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София медалімен Никольский соборының қызметкері О.В. Савелкова марапатталды.
«Еңбек үшін» (За труды) медалімен марапатталғандар: Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясының операторы А.В. Шмидт, округтің ақпараттық-баспа бөлімінің қызметкерлері А.В. Щеглов пен А.А. Халин, епархиялық гараждың жүргізушісі М.А. Шилкин және Алматы епархиялық басқармасының қызметкері Ю.Г. Ерещенко.
Алматыда XVI балалар- жасөспірімдердің шығармашылық «Рождестволық Періште» атты фестивалі өтті
Толығырақ
Қазақстан жеріндегі Православие игілігі жолында еңбек еткендер шіркеу наградаларымен марапатталды
Толығырақ
Қазақстан Митрополитік округінің Басшысы Қасиетті Патриарх Кириллдің сапарын дайындауға қатысқаны үшін елорда әкімдігінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс білдірді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр