Мәскеу және Бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кирилл Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатийді туғанына 60 жыл толуымен құттықтады.
Қасиетті Жоғары Мәртебелі,
Ақтөбе және Қызылорда епископы, аса қадірлі Игнатийге
Қасиетті ЖоғарыМәртебелі!
Сізді өміріңіздегі маңызды белес — туғаныңыздың 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Жаратушының құтқарушы шақыруына үн қата отырып, жастайыңыздан Сіз Қасиетті Шомылдыру рәсімін қабылдадыңыз, ал біраз уақыттан кейін монастірлік және пресвитерлік дәрежені қабылдадыңыз. Жаратқан Ие Сізге Қазақстан жерінде ұзақ жылдар бойы әртүрлі жауапты қызметтерді атқаруды бұйырды. Сол міндеттерді орындау барысында Сіз өзіңізді Құдайға лайық, мінсіз еңбек етуші ретінде көрсетуге тырыстыңыз (2 Тим. 2:15).
Сіздің ықыласыңызға және барлық істе сергек болуға деген ұмтылысыңызға (2 Тим. 4:5) назар аударған Құдіретті Ие Сізге епископтықтың ауыр жүгін көтеруді бұйырды. Қазіргі уақытта Сіз Ақтөбе епархиясын басқарып, бұл өңірде шіркеулік-приходтық өмірді дамыту мен Інжілді уағыздау жолында мол еңбек етіп келесіз.
Сіздің қызметіңізді ескере отырып және осы атаулы күнге байланысты Сізді Қасиетті Серафим Саровский орденімен (III дәрежесі) марапаттауды әділ деп санаймын.
Сізге жан мен тәннің қуатын, Құдайдың мол жәрдемін және Қасиетті Православие игілігі жолындағы алдағы архипастырлық еңбектеріңізде табыс тілеймін.
Мәсіхтегі сүйіспеншілікпен,
+КИРИЛЛ, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр