Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатийді туғанына 60 жыл толуымен құттықтады.
Қасиетті Жоғары Мәртебелі,
Ақтөбе және Қызылорда епископы, аса қадірлі Игнатийге
Қасиетті Жоғары Мәртебелі, қадірлі Билеуші!
Сізді айтулы мерейтойыңыз — туғаныңыздың 60 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Сіз көптеген жылдар бойы Мәсіхтің жолында аянбай еңбек етіп, Құдай Патшалығының Інжілін уағыздап, бәріне және барлығы үшін алғыс ретінде Қансыз Құрбандықты жасап келесіз.
Құдайдың игі, жағымды әрі кемел еркімен (Рим. 12:2) Сіз Мәсіх Шіркеуіндегі жоғары иерархиялық қызметке шақырылдыңыз. Қазіргі таңда бұл қызметті Ақтөбе епархиясында абыроймен атқарып, «Құдай сөзі шарықтап, Мәсіх шәкірттерінің саны көбейе беруі» үшін (Деян. 6:7) қамқорлық жасап келесіз.
Сіз Қазақстан Митрополитік округі жанындағы Жастар қызметі жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде, сондай-ақ Орыс Православие Шіркеуінің Синодтық жастар істері бөлімі алқасының құрамындағы өкілі ретінде, өзіңізге тән ұқыптылық пен жауапкершілікпен Жаратқан Ие тапсырған күрделі де маңызды істі адал атқарып келесіз.
Архипастырлық еңбектеріңізді ескере отырып және туғаныңыздың 60 жылдығына орай Сізді Қарағандылық қасиетті діндар Севастиан орденімен марапаттауды әділ деп санаймын.
Сіз үшін осы ерекше күні жан-тәніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, амандық және архипастырлық қызметіңізде Құдайдың жәрдемін тілеймін. Бұл еңбектеріңіз сенушілердің рухани өсуі жолында мол жеміс әкелсін. Қазақстан жерінде жарқырағар жаңа шейіттер мен Христос үшін азап шеккен діндарларға Сіздің денсаулығыңыз бен игілігіңіз үшін дұға етемін.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр