16 желтоқсан 2025 жыл. Өскемен.
Өскемен және Семей епархиясының қасиетті шейіт Александр (Дагаев) атындағы рухани-әкімшілік орталығының конференц-залында Өскемен және Семей епархиясының жыл сайынғы қорытынды епархиалдық жиналысы өтті. Жиналысқа Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий төрағалық етті.
Епархиалдық жиналысқа епархия кеңесінің мүшелері, епархия бөлімдерінің басшылары, приходтардың басшылары мен клириктері, кілтшілері, монастырлік қауым өкілдері, сондай-ақ епархиялық басқарма қызметкерлері қатысты.
Отырыстың бірінші бөлімінде архиепископ Амфилохий 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өскемен епархиясының өмірі мен қызметіне арналған баяндама жасады.
Одан кейін есептерін және баяндамаларын оқығандар: епархияның заң қызметінің басшысы В.Г. Львов пен епархияның бас бухгалтері О.А. Борисова.
Негізгі баяндама оқығандардардың сөзінен кейін пасторлық қызметтің түрлі салаларына, сондай-ақ епархияның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына қатысты бірқатар тәжірибелік мәселелер талқыланды.
Жиналыс жұмысының соңында Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері үшін және туғанына 60 жыл толуына байланысты протоиерей Роман Бобровский мен протоиерей Петр Хонин Қарағандылық қасиетті діндар Севастиан орденімен марапатталды.
Епархияны басқарушы дін қызметкерлері мен қызметкерлерге өткен жылғы қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, жиналысқа қатысушылардың барлығына Құдайдың батасын берді және алдағы Мәсіхтің Рождествосы мерекесі және Жаңа жылмен құттықтады.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр