ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
27.12.2025, 15:00

Костанай епархиясының дін қызметкерлерінің епархиалық жиналысы өтті

Костанай епархиясының дін қызметкерлерінің епархиалық жиналысы өтті

25 желтоқсан 2025 жыл. Тобыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазан ғибадатханасы жанындағы жексенбілік мектеп ғимаратында епархиалық басқарманың хатшысы, иеромонах Геннадий (Бурдюжа) төрағалығымен Қостанай епархиясының дін қызметкерлерінің епархиалық жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысқандар: шіркеулік округтердің құрметті өкілдері, ғибадатханалардың басшылары мен клириктері, епархиалық бөлімдердің басшылары және епархиалық басқарма қызметкерлері.

Кездесуді аша отырып, иеромонах Геннадий (Бурдюжа) қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Хатшы әке жиналғандардың назарына 

2025 жылдың қорытындыларын атап өтіп, келесі жылға арналған рухани-ағартушылық, әлеуметтік және жастар бағытындағы іс-шаралардың жалпы жоспарын таныстыратын баяндамасын оқыды. 

Әрі қарай баяндама жасағандар: Қостанай шіркеулік округінің құрметті өкілі иерей Андрей Крутин, епархияның бас есепшісі және заңгері.

Отырыстың барысында қатысушылар пастырлық қызметке, приходтық өмірді ұйымдастыруға және жексенбілік мектептердің қызметіне қатысты бірқатар тәжірибелік мәселелерді талқылады.

Жиналыс соңында иеромонах Геннадий епархиалық кеңес мүшелеріне, епархиалық бөлімдердің басшыларына, құрметті өкілдеоі мен басшыларға атқарылған еңбектері үшін алғысын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді