ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.12.2025, 14:00

Қасиетті ата-бабаларды еске алу апталығында митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстандық Митрополиттік округі Өкілдігінің ғибадатханасында Құдайлық Литургияны өткізді

Қасиетті ата-бабаларды еске алу апталығында митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстандық Митрополиттік округі Өкілдігінің ғибадатханасында Құдайлық Литургияны өткізді

28 желтоқсан 2025 жыл -  қасиетті ата-бабаларды еске алу апталығы.

Бұл күні ескі өсиет дәуірінде өмір сүріп, келе жатқан Мессия - Христосқа деген сеніммен құтқарылған қасиетті ата-бабалар: патриархтар, пайғамбарлар, патшалар мен діни қызметкерлер дұға арқылы ұлықталады. Қасиетті ата-бабаларды еске алу ескі өсиет адамзаты асыға күткен Құдай Ұлының дүниеге келуі жүзеге асқан ұлы мереке — Христостың Рождествосын қарсы алудың қарсаңы болып табылады.

Қасиетті ата-бабалар апталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Патриархтық қоналқалық үйінде орналасқан, Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Қазақстандық Митрополиттік округі Өкілдігіне қарасты қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София атындағы ғибадатханада Құдайлық Литургияны өткізді.

Аса құрметті Жоғары Мәртебеліге ю қызмет еткендер: Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы ғибадатхананың кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко), сондай-ақ қоналқалық үйдің клириктері.

Анна Рожнова жетекшілігімен ғибадатхана хоры мен приходтық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері ән шырқады.

Қызметте Өкілдіктің қызметкерлері мен ғибадатхана жамағаты дұға етті.

Марқұмдардға дұға бағыштауда Періште күні қасиетті ата-бабалар апталығында аталып өтетін сенім мойындаушысы, Алматы және Қазақстан митрополиті Иосиф (Чернов, †1975 ж.) еске алынды. 

Литургия соңында митрополит Александр дін қызметкерлері мен жамағатты жексенбілік күнмен және Қасиетті ата-бабаларды ұлықтау мерекесімен құттықтады.

«Бүгінгі жексенбілік күн бізді ескі өсиет әулиелерінің сенімі мен ізгі қасиеттеріне еліктеуге үндейді. Қасиетті Жазба беттерінен әрбіріміз өзімізге өнеге боларлық мысалдар, құтқарушы сабақтар мен өмірлік әрі дүниетанымдық сан алуан сұрақтарға дұрыс жауаптар таба аламыз. Сондықтан рухани өміріміздің ажырамас бөлігі - Құдай сөзін қасиетті әкелер мен Шіркеу ұстаздарының мұраларына сүйене отырып, тұрақты әрі ықыласпен оқу болуы тиіс. Қасиетті ата-бабалардың өмірі мен ерліктеріне үңіле отырып, посттың қалған уақытын жемісті өткізіп, жақындап келе жатқан Христостың Рождествосы ұлы мерекесіне лайықты түрде дайындалайық», - деді митрополит Александр өз уағызында.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді