ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
31.12.2025, 15:00

Митрополит Александр Қазақстан Митрополитік округі Синодының 2025 жылдағы соңғы отырысын басқарды.

Митрополит Александр Қазақстан Митрополитік округі Синодының 2025 жылдағы соңғы отырысын басқарды.

30 желтоқсан 2025 жыл. Алматы.

Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының синодтық залында аралас (офлайн және онлайн) форматта Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Қазақстан Православие Шіркеуінің Синодының отырысы өтті.

Қазақстан Митрополиттік округі Синодының құрамында болғандар:

Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава; Қарағанды және Шахтиннск архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Петропавл және Булаев архиепископы Владимир; Қазақстан Православие Шіркеуінің істер басқарушысы Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан;

Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі Талғар епископы Вениамин;

Орал және Атырау епископы Вианор.

Жалпы дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы архипастырларды құттықтау сөзбен қарсы алып, күн тәртібін жариялады.

Синод жұмысы митрополит Александрдың Алматы қаласы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновпен және Грузия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен өткізген кездесулері туралы баяндамасымен ашылды.

Митрополит Александр иерархтарға Митрополитік округке қарасты Шымкент және Түркістан, сондай-ақ Қарағанды және Шахтинск епархияларына жасаған сапарлары жөнінде хабарлады.

Әмірші митрополит Синод мүшелеріне Алматы қаласында өткен «Түркістан архиепископы, Жетісу ағартушысы, әулие Софоний (Сокольский) естелігіне арналған XXIII Алматы православиелік білім беру оқулары» туралы баяндады. Иерарх халықаралық ғылыми форумның Бірінші Әлемдік Собордың 1700 жылдығына, архиепископ Софонийдің (Сокольский) туғанына 225 жыл толуына, Алматы әулиесі Николайдың дүние салғанына 70 жыл және оның қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына, сондай-ақ митрополит Иосифтің (Чернов) дүние салғанына 50 жыл толуына арналғанын атап өтті.

Синод Қазақстан Православие Шіркеуінің істер басқарушысы Қаскелең епископы Геннадийдің баяндамаларын тыңдады. Қасиетті әмірші Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Олардың ерлігі — мәңгілік» атты фотокөрменің ашылуы, Астана қаласында Қазақстан Митрополитік округінің І педагогикалық конференциясының өтуі, сондай-ақ Алматыда өткен «Петербург диалогы» форумының «Діндер» жұмыс тобының діни қауымдастықтардың әлеуметтік қызметі тақырыбына арналған отырысы туралы хабарлады.

Архипастырь сондай-ақ Санкт-Петербург қаласында өткен «Достастықтың зияткерлік коды» атты халықаралық ғылыми-білім беру конгресіне, Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесінің жалпы жиналысына, Халықтар рухани бірлігі халықаралық қоры ұйымдастырған «Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің болашағы - келе жатқан дәуірдің мәні мен құндылықтары» атты XXXI халықаралық конференцияға қатысқаны жөнінде баяндады.

Синод мүшелері Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастианның Қарағанды қаласында өткен XXV Севастиан оқулары туралы хабарламасын және Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофийдің Мәскеуде өткен әлеуметтік қызметке арналған XII Жалпышіркеулік Съезге Қазақстан Митрополиттік округі өкілдерінің қатысуы жөніндегі баяндамасын тыңдады.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы епископатты алдағы азаматтық Жаңа жылмен және Христостың Рождествосы алдындағы қасиетті күндермен құттықтады.

Қазақстан Православие Шіркеуі Синоды отырысының журналдары Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің бекітуіне ұсынылады

(Орыс Православие Шіркеуі Жарғысының XIII тарауы, 9-бабы: «Митрополитік округ Синодының журналдары Қасиетті Синодқа ұсынылып, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы бекітеді»).

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді