31 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Семиречье өңірінің рухани, тарихи және мәдени жауһары саналатын Вознесенский кафедралды соборында Жаңа жылдың басталуына орай құлшылықты басқарды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына мына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері — Қазақстан Митрополитік округінің істер басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматы қаласы приходтарының құрметті өкілі, Никольскмй соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; округ бөлімдерінің және епархиялық комиссиялардың діни санаттағы жетекшілері; кафедралды собордың дін қызметкерлері; Алматы қаласындағы храмдардың басшылары мен клириктері.
Қалыптасқан дәстүрге бойынша Вознесенский кафедралды соборына Оңтүстік астананың храмдарынан келген жамағат өкілдері жиналып, өтіп бара жатқан жыл үшін Құдайға алғыс айтуға және алдағы жылға Жаратқан Иеден рақым мен жәрдем сұрауға ниет етті.
Құлшылық басталар алдында Алматы Православиелік рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың 2026 Жаңа жылының қарсаңындағы үндеуін оқып берді.
Алғашқы дауыстан кейін жамағат дін қызметкерлерімен бірге Киелі Рухқа арналған «Көктегі Патша» дұғасын орындады.
Шіркеулік әндерді Митрополиттік округтің хоры орындады. Хорға Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Патриархтық шіркеу-қоғамдық кеңестің шіркеулік ән салуды дамыту жөніндегі мүшесі О.Н. Овчинников жетекшілік етті.
Құлшылық Қазақстанның жаңа шейіттері мен діндарларының қасиетті жәдігерлері сақталған кеменің алдында атқарылды.
Құдайға құлшылықтың соңында Митрополиттік хор авторы Медиоландық әулие Амвросий болып табылатын көне әрі салтанатты «Сені, Құдай, мадақтаймыз» гимніе орындады.
Құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Православие Шіркеуінің «Семиречье» телестудиясы (директоры — мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері Виктория Посаднева, операторы — А. Шмидт) және «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының мамандары (президенті — В.М. Капсамун) жүзеге асырды.
Құлшылық соңында митрополит Александр жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, уағыз айтты және жамағатқа қасиетті судан септі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр