ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.01.2026, 15:00

Қасиетті әкелер аптасында Митрополитік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Александро- Невский соборында Құдайлық Литургияны өткізді

Қасиетті әкелер аптасында Митрополитік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Александро- Невский соборында Құдайлық Литургияны өткізді

4 қаңтар 2026 жыл -  Елуінші күн мейрамынан кейінгі 30-апта, Мәсіхтің Рождествосы алдындағы жексенбі; қасиетті әкелерді еске алу күні және ұлы азап шегуші Анастасия Узорешительницаның еске алу күні.

Рождество мерекесі алдындағы соңғы жексенбіде Православие Шіркеуі Иеміз Иса Мәсіхтің тәні бойынша ата-бабаларын – көне өсиеттік Патриарх Авраамнан бастап, әділ  Иосиф Обручникке дейін еске алады; сондай-ақ Даниил пайғамбар мен үш әділ бозбала – Анания, Азария және Мисаил айрықша құрметпен еске алынады.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы қасиетті игі  кнәз Александр Невскийдің атымен аталған соборда Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астананың храмдарына жауапты өкіл, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Қайғыдағыларға Қуаныш» белгішесі құрметіне арналған храмның басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Алматы облысы Боралдай кентіндегі Иверский храмы басшысы игумен Филарет (Петроченко); Александр-Невский храмы басшысы протоиерей Иоанн Лопатин; Петропавл храмы кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр; Іле шіркеулік округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Алматы қаласындағы Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; Адриано-Наталиевский храмы кілтшісі иерей Иоанн Коноплев; сондай-ақ протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Георгий Ткаченко және диакон Даниил Пасюк.

Құдайға құлшылық ету кезінде регент А. Кульметовтің басқаруымен Александр-Невский соборының хоры ән шырқады.

Қызмет барысында Құтқарушының тегі баяндалатын және Иеміздің Мәңгі Бикеш Мариядан тууы туралы әңгімеленетін Матфей Інжілінің бірінші тарауы оқылды.

Қасиетті Бірлесу рәсімінен кейінгі уағызды иерей Георгий Рублинский оқыды.

Литургия соңында митрополит Александр дін қызметкерлері мен жамағатқа тәлімдік сөзін арнады.

2026 жылғы 4 қаңтарда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың рухани әкесі әрі ұстазы – Вятский және Слободский митрополиті Хрисанфтың Иемізге қайтқанына он бес жыл толды. Литургия соңында Митрополиттік округтің Басшысы Вятсеий жерінің алғашқы митрополиті, мәңгі есте қалатын архипастыр Хрисанфтың рухына арнап жерлеу литиясын жасады.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы епископ Клавдианды монахтық тоүсура қабылдағанына 10 жыл толуымен жылы құттықтап, архипастырлық еңбектерінде және мойынсұнушылықтарында Құдайдың жәрдемін тіледі.

Мәңгі есте қалатын митрополит Хрисанфтың (Чепиль) өмірі мен қызметі Астанай және Қазақстан митрополиті Александрдың «Сенім адамы және Шіркеу адамы» атты мақаласында баяндалған.

«Бүгін – бізді  Өмір Беруші Мәсіхтің дүниеге келуінің жарқын мерекесіне жақындататын жексенбілік күн. Біз қасиетті әкелерді – Құтқарушының тәні бойынша ата-бабалары болып табылатын көне өсиеттік тақуаларды еске аламыз. Литургияда Иеміздің тегі баяндалатын ерекше інжілдік оқылым тыңдалды. Евангелист Матфей қысқа жолдармен, есімдер тізбегі арқылы бізге Көне Өсиеттің бүкіл тарихын еске салады: «өлім көлеңкесіндегі қараңғылықта отырған» (Мф. 4:16) адамдар әлем Құтқарушысын күтті, ал тақуалар келешек Мәсіхке деген сенім арқылы құтқарылды. Әрбір есімнің артында тұтас бір өмір тұр. Мұнда – Құдайды сүйген, сенушілердің әкесі - Авраам да бар, өз отанын тастап, Бір Жаратушыға сенімді қабылдаған әділ Рут та бар, жыршы  Давид патша мен дана Соломон де бар. Мұнда күнәкарлар да, әділдер де, танымал тұлғалар да, біз мүлде білмейтін қарапайым адамдар да кездеседі. Інжілдік баяндау Құдай Ұлының жер бетіндегі тарихқа нақты енгенін, көптеген ұрпақтардың жан ауыртқан үмітіне жауап бергенін, күнәдан сауықтырып, Құдайлық рақыммен қасиеттеу үшін адамдық табиғатымызды қабылдағанын куәландырады. «Сен Құдай Ұлының Давид пен Авраамның Ұлы екенін естігенде, – дейді бұл жайында қасиетті Иоанн Златоуст, – сен де, Адамның ұлы, Құдайдың ұлы болатыныңа күмәнданба». Иеміздің тәні бойынша ата-бабалары аталғаннан кейін, Құтқарушының Ең Таза Бикеш Мариядан тууы туралы баршаға қуаныш сыйлайтын хабар естіледі. Інжілдік игі хабарға құлақ асып, Құдайдың адам болып келу құпиясын ой елегінен өткізе отырып, біз «Құдайдың игілігі, жұмсақтығы және ұзақ шыдамдылығының байлығын» (Рим. 2:4) танимыз әрі «Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігін танып, оған сенгеніміз» (1Ин. 4:16) үшін Құтқарушымызға ризашылық білдіруді үйренеміз».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді