5 қаңтар 2026 жыл. Алматы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталықтағы өзінің жұмыс кабинетінде отырып, Христостың Рождествосы мерекесіне арналған онлайн пресс- конференциясын өткізді.
Рождество қарсаңындағы бұл іс-шараны «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігі ұйымдастырды.
Виртуалды кездесуге мемлекеттік және жекеменшік БАҚжурналистері, ақпарат агенттіктері мен ақпараттық-талдамалық порталдардың өкілдері, блогерлер қатысты.
Іс-шараның спикері «Интерфакс» баспасөз орталығының директоры Ж.Д. Зейнешев болды.
Митрополит Александр БАҚ өкілдерін азаматтық Жаңа жылмен және жақындап келе жатқан Христостың Рождествосымен құттықтап, аталып өтетін Інжілдік оқиғаның мәні туралы әңгімеледі.
«Христостың дүниеге келуінде көне пайғамбарлықтар жүзеге асты: Жаратушы әрі Әлемнің Иесі адамзатты тозақ билігінен құтқарып, зұлымдықтан арылту үшін жер бетіне келді. Жүзеге асқан Құдайдың адам болып келуі – әлем тарихындағы ең маңызды оқиға. Мыңдаған жылдар бойы адамдар Құдайға сеніп, Оған құлшылық етті, алайда Құдіретті Жаратушының адам болып, Анасының қолында әлсіз сәби ретінде көрінетінін ешкім елестете алған жоқ. Жер бетіне Иеміз Құдайдың келуінен бастап бүгінге дейін Оған сенетіндердің барлығына Аспан Әкесінің балалары болу мүмкіндігі берілді. Апостол Павелдің айтуынша, енді біз Құдайға жат емес, өзімізбіз. Бұл дегеніміз – барлығымыз Онымен арқылы бір-бірімізге туған-туыстай жақынбыз», – деді, атап айтқанда, архипастырь.
Әмірші митрополит Рождество мерекелерін игі істер жасау арқылы ерекше атап өту қажеттігіне назар аударды.
«Егер біз бұл қуанышты жақындарымызбен, әсіресе жұбаныш пен қолдауға мұқтаж жандармен бөліспесек, Христостың Рождествосын атап өту дұрыс болмайды. Әрқайсымыз үшін қасиетті күндер шын мәнінде нұрлы әрі салтанатты кезеңге айналсын: игі істер арқылы, жұбату мен демеу сөздер арқылы, жанашырлық пен мейірімділік арқылы. Қайғы шеккендерге қол ұшын берейік, түңілгендерді жігерлендірейік, науқастарүа қолдау білдірейік, жалғыз қалғандарды еске алайық. “Қайырымдылық жұмақтай берекеге толы, ал садақа мәңгі сақталады”, – деп бізге Қасиетті Жазба баяндайды», – деп атап өтті иерарх.
Пресс- конференциясының жалғасында журналистерге Оңтүстік астанадағы басты рождестволық құдайы қызмет 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Қазақстанның тарихи әрі мәдени жауһары – Вознесенский кафедралды соборында өтетіні хабарланды.
Әмірші митрополит 2026 жылы атап өтілетін шіркеулік күнтізбедегі маңызды күндер туралы да айтып өтті.
«2026 жылы Қазақстан Православие Шіркеуі Қарағандылық қасиетті діндар Севастианның дүниеден өткеніне 60 жыл толуын және Алматының қасиетті шейіті Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуын атап өтеді. Олар – Қазақстанның көктегі қамқоршылары. Біз өткен тарихтан өмірлік сабақ алуымыз қажет. Ұлы тарихи тұлғалар, тақуалар мен әділ жандар ХХI ғасырда өмір сүріп жатқан біз үшін сенімде беріктіктің, Құдай мен жақынға деген сүйіспеншіліктің, өсиеттерге адалдықтың үлгісі болуы тиіс», – деді Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы.
Архипастырьдің айтуынша, мерейтойлық іс-шаралар аясында қазақстандық әулиелердің қасиетті жәдігерлері салынған кемені Республиканың барлық облыс орталықтарына алып бару, сондай-ақ рухани-ағартушылық, ғылыми-білім беру және мәдени сипаттағы шаралар өткізу жоспарлануда.
«Алдағы жылдың ерекше оқиғаларының бірі – Алматы қаласындағы Никольский соборының Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 80 жыл толуын атап өту болмақ. Бүгінде Никольский соборы – Қазақстан жеріндегі Православиенің қайта жаңғыруының нышандарының бірі әрі ХХ ғасырда жауынгерлік құдайсыздыққа қарсы Құдай ақиқатын батыл қорғаған иерархтар, дін қызметкерлері мен зайырлы діндарлардың ерлігінің ескерткіші», – деп атап өтті митрополит Александр.
Пресс- конференциясының соңында Митрополитік округтің Басшысы журналистерді Жаңа жылмен және келе жатқан Христостың Рождествосымен тағы да құттықтады.
Алматының Қазан соборынан Рождестволық түнгі Литургияның тікелей көрсетілімі
Толығырақ
Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборынан Рождестволық түнгі құлшылықтың тікелей эфирі
Толығырақ
Мәсіхтің Рождество қарсаңында митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында мерекелік құлшылықты басқарды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр