2026 жылғы 6 қаңтар – Мәсіхтің Рождествосы алдындағы кешкі құлшылық, Рождество Қарсаңы.
Осы күнгі құлшылық мәтіндерінде тәубеге шақыратын сарындар мен дүниеге келген Құтқарушыны лайықты қарсы алуға үндеулер біртіндеп Адам кейіпіне енген Құдай Иенің дүниеге келуіне байланысты қуаныш пен шаттыққа ұласады. Бұл евангелиялық оқиғаның жердегі мән-жайларына айрықша назар аударылады: Мәсіхтің Рождествосының уақыты мен орны айтылады, сондай-ақ осы оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар – Қасиетті Бикеш Мария, әділ Иосиф Обручник, періштелер, данышпан жұлдызшылар мен бақташылар еске алынады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында Ұлы Василий әулиенің Құдайлық Литургиясын Ұлы кешкі құлшылықпен біріктіре отырып, мерекелік қызметті басқарды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов), протоиерей Вячеслав Чурбанов, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов, митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, иеромонах Роман (Чистяков), протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Андрей Плетень, диакон Виталий Быструшкин, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко.
Шіркеу әндерін игумен Филипп (Моисеев) басқарған Вознесенский соборының хоры орындады.
Ұлы кешкі құлшылықта Мәсіхтің дүниеге келуі мен алдағы Құдай Патшалығы туралы пайғамбарлықтарды қамтитын Көне Өсиет мәтіндері – паремиялар оқылды. Кезекпен алтарьдағы дін қызметкерлері мен хор орындаған паремиялар «С ними же помилуй нас» және «Жизнодавче, слава Тебе» деген тропарьлар мен бастау әуендері алмасып отырды.
Литургия барысында апостол Павелдің Еврейлерге жолдауынан Құдай Ұлының Әкеден мәңгілік тууы туралы үзінді (1-тарау, 1–12 жыр) оқылып, Вифлеем үңгірінде Иса Мәсіхтің дүниеге келуі мен періштелерден қуанышты хабар алған бақташылардың Құдай Сәбиіне тағзым етуі туралы баяндайтын Лұқа Інжілінен үзінді (2-тарау, 1–20 жыр) оқылды.
Ұлы Василий Литургиясының тағы бір ерекшелігі – Құдай Анасына арналған дәстүрлі «Достойно есть» дұғасының орнына қасиетті діндар Иоанн Дамаскин жазған көне богородицалық гимн – «О Тебе радуется» әнұранының орындалуы.
Бірлесу алдындағы уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Литургия соңында алтарьдан Вифлеем жұлдызын бейнелейтін әсем безендірілген шам ғибадатхананың ортасына шығарылды. Мереке белгішесі мен жанған шам алдында хор мен дін қызметкерлері Рождество тропары мен кондакты орындап, мадақ айту рәсімі жасалды.
Қызмет аяқталғаннан кейін Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы дін қызметкерлері мен жиналған қауымды бейбітшілік пен Құдай сүйіспеншілігінің мерекесіне бастайтын қасиетті күн - Рождество Қарсаңымен құттықтап, уағызын айтты.
Вознесенский соборы Рождество мерекесіне орай, храм кілтшісі протоиерей Александр Суворов бастаған шіркеу қызметкерлерінің еңбегімен тірі шырша ағаштарымен безендірілді. Қасиетті күндер аяқталған соң бұл ағаштар Алматы қаласының саябақ аймақтарына отырғызылады. Бұл игі дәстүр бірнеше жыл бұрын бастау алып, ағаштардың бір бөлігі бүгінгі күні де 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде өсіп тұр.
«Бүгінгі ерекше қызмет – Құдайлық Литургия мен Ұлы кешкі құлшылық арқылы біз Мәсіхтің Рождество мерекесін бастаймыз. Жаратушы әрі Қүдай Иенің дүниеге келуі туралы Қуанышты хабар бүгін тағы да әлемді нұрға бөлейді. Шіркеу әндерінде айтылғандай: “Көктегі күштер қуанады, жер беті адамдармен бірге шаттанады”. Бұл евангелиялық хабар христиан жүректеріне үміт ұялатып, шығармашылық күшті оятады, Құдайға және адамдарға қызмет етуге шабыттандырады. Құдай сүйіспеншілігі адамның күнә мен өлімнің тұтқынында қалуына келіспей, жер бетінде көрініп, бізді жамандықтан құтқарып, рухани қайта жаңаруға мүмкіндік сыйлады. Осы қасиетті күндерде біз жер бетіне жаңа пайғамбар не ұстаз емес, данышпан билеуші немесе қаһарман емес, бүкіл әлемнің Жаратушысы Өзі тән алып келгенін мойындаймыз. Інжілде айтылғандай: “Сөз тән болып, біздің арамызда өмір сүрді, рақым мен ақиқатқа толы болды” (Жох. 1:14). Өмір беруші Мәсіхтің дүниеге келуі адамзатқа баға жетпес сыйлар: шынайы Құдай танымын, өмірдің мәнін, күнәдан арылу жолын, өлімді жеңуді, рақым арқылы адамды құдайландыруды, Көктегі Патшалық пен мәңгілік бақытты әкелді. Қасиетті Бикештен туған Иса Мәсіхке сенім мен Інжіл өсиеттері бойынша игілікті өмір сүру – біздің Құдайға жақындау жолымыз ғана емес, сондай-ақ дүниеге келген Құтқарушыға данышпандар әкелген алтын, ладан мен смирна орнына тарту ететін лайықты сыйымыз. Рождество күндері бүкіл әлемде бейбітшілік орнауы үшін және туған Қазақстанымыз үшін ерекше дұғалар жасайық: Құдай рақымымен бұл көне жерді әрдайым жарылқасын, осы елді өз Отаны санаған әрбір адамның өмірі мен еңбегіне береке берсін, Ұлы Дала елінде әрқашан келісім мен бауырмалдық салтанат құрсын». Митрополит Александрдың айтқан уағызынан үзінді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр