ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
07.01.2026, 05:00

Иеміз әрі Құдайымыз және Құтқарушымыз Иса Христостың Рождествосы. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астананың Вознесенский соборында мерекелік Құдайлық Литургияны өткізді

Иеміз әрі Құдайымыз және Құтқарушымыз Иса Христостың Рождествосы. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астананың Вознесенский соборында мерекелік Құдайлық Литургияны өткізді

2026 жылғы 7 қаңтар — Иеміз, Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Христостың Роэдество мерекесі.

6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы — Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында мерекелік Құдайлық Литургияны өткізді.

Литургияда Қазақстан Митрополитік округінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани әкесі архимандрит Иоанн (Сазонов), Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов, Патриархтық комиссияның дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі мүшесі игумен Филипп (Моисеев), митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, иеромонах Роман (Чистяков); сондай-ақ протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк.

Оңтүстік астананың басты ғибадатханасында қасиетті жәдігер — Иерусалим Патриархы киелі Феофил III-тің православиелік қазақстандықтарға Рождестволық мерекелерге арнаған сыйы — Вифлеем үңгірінде қасиеттелген інжумен қапталған үстелүсті кресті сақталды.

Құлшылықтағы гимндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархтық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников басқарған Митрополиттік округ хоры орындады.

Оңтүстік астананың басты ғибадатханасында Христос Рождествосы мерекесін ұлықтауға көптеген жамағат жиналды.

Мерекенің құрметті қонақтары ретінде Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Д.А. Тураев және Беларусь Республикасының Алматыдағы Бас консулы Д.В. Мелешкин қатысты.

Бірлесу алдындағы өлеңнен кейін протоиерей Александр Суворов Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллдің Рождестволық жолдауын оқып берді.

Көптеген сенушілер Христостың Қасиетті Құпиялары рәсімінде дәм татты.

Литургия соңында дін қызметкерлері мен хор мереке белгішесінің алдында тропарь, кондак және ұлықтау жырын орындап, Христос Рождествосын мадақтады. Қасиетті Патриарх Кириллге; Қазақстан Митрополитік округінің Басшысына, архипастырларына, дін қызметкерлеріне және паствосына; Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскерге және бүкіл халқына көпжылдық ғұмыр тілек етілді.

Митрополит Александр дін қызметкерлері мен жамағатқа Өмір Беруші - Мәсіхтің дүниеге келуі мерекесімен құттықтау сөз арнап, уағызын айтты.

Литургияның тікелей көрсетілімін Қазақстан Митрополитиік округінің «Семиречье» телестудиясы жүзеге асырды (директоры әрі бас режиссері — мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В. Посаднева, бас оператор — А. Шмидт); фотофиксацияны «Eleos-Meirim» қорының қызметкерлері атқарды (президенті — В.М. Капсамун).

Вознесенский соборында және оған іргелес аумақта қауіпсіздік пен тәртіпті Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, атаман В.С. Шихотов бастаған Жетісу казактары одағының өкілдері қамтамасыз етті.

Архипастырь Вознесенсаий кафедралды соборының клиригі протодиакон Владимир Сыровацкийді туған күнімен құттықтап, қасиетті просфораны табыстап, Христос Шіркеуінің игілігі жолындағы қызметінде Құдайдың жәрдемін тіледі.

Мерекелік құлшылыққа қатысушыларға митрополит Александрдың батасымен, «Eleos-Meirim» қорының қолдауымен (президенті — В.М. Капсамун) Митрополитік округтің баспа бөлімі дайындаған «Рождестволық әндер» атты ағартушылық брошюралар таратылды.

«Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің дүниеге келуінің барша қуанышқа толы мерекесі — Рождествомен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

“Бүгін Құдай жерге түсті, ал адам көкке көтерілді”, — деп бүгін Шіркеу жырлайды. Әр жолы Христос Рождествосын қарсы ала отырып, біз ғасырлар тереңінен Құдайдың адамзатқа деген ұлы әрі сөзбен айтып жеткізгісіз сүйіспеншілігінің құпиясын рухани түрде көруге лайық боламыз: “Сөз тәнге айналып, рақым мен шындыққа толып арамызда өмір сүрді” (Ин. 1:14). Сол қасиетті түннің тыныштығында кедей үңгірден бүкіл әлемге құтқарылу күнінің Құдайлық таңы жарқырап шықты. Аспанда адамзат болмысының жаңа дәуірінің басталуын — Құдайдың тәнімен адамдарға келуін — періштелер шаттықпен қарсы алып: “Ең жоғарыда Құдайға даңқ, жер бетінде тыныштық, адамдарға рақым” (Лук. 2:14), — деп ән салды, ал Вифлеемде оны қарапайым бақташылардың тағзымы мен шығыс данышпандарының сыйлары қарсы алды. Періштелерге, бақташыларға және даналарға еліктей отырып, біз де бүгін Құдайды жырлармен және рухани әндермен мадақтаймыз (Еф. 5:19), Оған мадақ айтып, қорқынышпен шүкіршілік етеміз.

Христос Рождествосы мерекесі сенуші жүректерге айрықша жұбаныш сыйлайды. “Құдай бізбен бірге!” (Ис. 8:10), — демек, біз әрдайым жақындарымызға сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің үлгісі бола аламыз. “Құдай бізбен бірге!” — демек, Ол бізді адамдарға қолдау мен жұбаныш қажет болатын барлық жерде қызмет етуге таңдады. Күшіміз аз болса да, мүмкіндігіміз шектеулі болса да, жасаған игілігіміз елеусіз көрінсе де, тіпті мұқтажға дұға мен жанашыр сөзден басқа көмегіміз болмаса да, мұңаймауымыз керек. Себебі суық судың бір тостағаны үшін де сый уәде еткен Иеміз (Мк. 9:41), қасиетті Иоанн Златоусттың сөзімен айтқанда, “істі де қабылдайды, ниетті де қуаттайды, әрекетті де бағалайды, ойды да мадақтайды”». митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді