ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
07.01.2026, 23:00

Митрополит Александр Алматының басты ғибадатханасында Рождестволық Ұлы кешкі құлшылықты өткізді

Митрополит Александр Алматының басты ғибадатханасында Рождестволық Ұлы кешкі құлшылықты өткізді

2026 жылдың  7 қаңтарында, Құдай Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Рождество мерекесі кешінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында Рождестволық Ұлы кешкі құлшылықты өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Қаскелең епископы Геннадий мен Талдықорған епископы Клавдиан; Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; сондай-ақ Митрополиттік округтің бөлімдері мен комиссияларының жетекшілері, Алматы храмдардың басшылары мен дін қызметкерлері.

Құлшылық кезінде дұға еткендер: Алматыдағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастыр әпкелерімен бірге, сондай-ақ Оңтүстік астананың храмдарына келетін жамағат.

Құдайға арналған әндерді Қазақстан Митрополиттік округінің хоры Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, шіркеу әнін дамыту жөніндегі Патриархтық шіркеулік-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинниковтың басқаруымен және Вознесенский соборы жанындағы «Цевница» православие ән мектебінің әрі Оңтүстік астанадағы Покровский храмының біріккен балалар хоры Н.О. Головинаның басқаруымен орындады.

Құлшылық Жарғысына сәйкес «Свете тихий» гимінінен кейін ұлы прокимен айтылды, одан соң Митрополиттік округтің Басшысы Құтқарушының Рождествосы туралы Лука Інжілінен үзіндіні оқыды.

Алматының басты храмында Рождестволық қасиетті жәдігерлері – Афон тауындағы қасиетті апостол Павел монастырынан әкелінген волхвтардың адал Сыйларының көшірмесі салынған кеме орналастырылды.

Ұлы кешкі құлшылықтың соңында протоиерей Александр Суворов Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық құттықтау үндеуін оқыды.

Құлшылық аяқталғаннан кейін епископ Геннадий дін қызметкерлері мен сенушілер атынан Аса құрметті Жоғары Мәртебелінің Мәсіхтің Рождество мейрамымен құттықтады.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қасиетті архипастырьлерге, дін қызметкерлеріне, монашестволық қауымға және сенушілерге құттықтау сөзін арнап, қасиетті күндер кезеңінің басталуында ортақ дұғаның қуанышы үшін жиналған қауымға алғысын білдіріп, уағызын айтты.

Мерекелік құлшылыққа Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.М. Қиқымов қатысты. Нұрлан Медсантұлы жиналған қауымға Оңтүстік астананың әкімі Д. Сатыбалдының Мәсіхтің Рождествосына арналған құттықтауын жеткізді.

Құлшылық аяқталған соң біріккен балалар хоры әмірші митрополитті және жиналған қауымды Рождестволық мадақ әндерін орындау арқылы құттықтады.

«Бүгінгі жарық әрі баршаға қуаныш сыйлайтын мереке бізге Құдай туралы ұлы ақиқатты ашады: бүкіл жаратылыстың Жасаушысы мен Жаратушысы Өз жаратылысынан шет қалмай, Өзі жаратқан әлемге келді. “Өкіл да емес, періште де емес, бірақ Өзің, Уа, Ием, тән алып, мені – адамды түгелдей құтқардың”, – деп бүгін жүзеге асқан Құдайдың адам болып келу құпиясы жайында Қасиетті Шіркеу жырлайды.

Мыңдаған жылдар бойы Шіркеу Құдайдың адам болып келуін куәландырып келеді: Мәңгі Құдай Құдай болмысын жоғалтпастан, адам болды. Тәнге айналуда Құдай адам табиғатын қабылдады, сондықтан Оған біздің тәндік азабымыз да, сатқындықтың ащылығы да, өлімге тән мұң да таныс. Құдай бізбен бірге өмір сүрді, азап шекті және “біздің құтқарылуымыз үшін” Айқышта өлді. Ол Өлімді жеңіп, қайта тірілді және Өз жолымен – азап арқылы даңқ пен мәңгілік өмірге жету жолын – әрбір адал шәкіртіне ашты.

Шіркеу былай үйретеді: егер Құдай сенің жаныңда тумаса, онда Ол сен үшін Вифлеемде де туған жоқ. Ал Құдайдың адам жанына тууының белгілері қандай? Сол қасиетті Рождестволық түнде көктегі періштелердің әні қалай шырқалғанын еске түсірейік: “Жоғарыда Құдайға мадақ, жерде тыныштық, адамдарға ізгі ықылас” (Лук. 2:14).

Сенуші жанға Құдайдың тууының белгісі – оның бейбіт қалпы. Қасиетті, рақымды, құдайлық тыныштық Мәсіхті қабылдаған әрбір адамның жанына қонады. Ал егер сенуші жанға шынайы “Мәсіхтің тыныштығы” орнаса, онда тәкаппарлық пен өзімшілдік, күдік пен қызғаныш, кек алу мен жақындарды кемсіту ниеті – яғни құлаған адам табиғатына тәннің бәрі – жоғалады. Сондықтан да Рождестволық мерекелер православие халқы үшін реніштерді кешіру мен жақындармен татуласудың рақымды уақыты ретінде қабылданған. Осы қасиетті дәстүрге ерейік – бір-бірімізге сыйлайтын рождестволық сыйлықтарымыз өзара сүйіспеншілігіміз бен Мәсіх жолымен жүруге дайын екеніміздің куәсі болсын» Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді