ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
10.01.2026, 14:00

Рождество мерекесінен кейінгі сенбі күні Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Алматының Қазан соборында Литургияны өткізді

Рождество  мерекесінен кейінгі сенбі күні Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Алматының Қазан соборында Литургияны өткізді

10 қаңтар 2026 жыл -  Рождество мерекесінен кейінгі сенбі күн; Никомидияда азап шеккен 20 000 шейітті еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы ең көне ғибадатханалардың бірі – Құдай Анасының Қазан белгішесінің құрметіне арналған соборда Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Ақжар шағынауданындағы Богородице-Рождественский шіркеуінің басшысы иеромонах Алексий (Черевцов), иеромонах Исаак (Истелюев), митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Қазан соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский, иеромонах Херувим (Левин), протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк.

Құлшылыққа жиналған жамағаттың рухани жұбанышы үшін ғибадатханаға Афондағы әулие Павел монастырінен Алматыға әкелінген волхвтар Сыйлары салынған кеменің көшірмесі жеткізілді.

Әндерді М.С. Чистякова жетекшілігімен Қазан соборының хоры орындады.

Литургия кезінде дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополитік округі хорының регенті О.Н. Овчинников.

Қасиетті өлеңнен кейін иеромонах Херувим (Левин) Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық үндеуін оқыды.

Литургия соңында Рождество мерекесіне мадақ айту рәсімі өтті. Одан кейін митрополит Александр дін қызметкерлері мен жамағатты Құдай-Сөзінің дүниеге келу мерекесімен құттықтап, уағызын айтты.

«Бүгін әрбір христиан және әрбір православ отбасында ұлы қуаныш. Барлық сенушілердің жандары нұрлы шаттыққа толы. Біз адам ақылына сыймайтын, құпиялы әрі құтқарушы ұлы оқиға– жер бетінде 

Құдай Кейіпінің Өзгеруін қайтадан рухани түрде бастан кешіреміз. “Денесіз Денеге айналады, Сөз нығаяды, Көрінбейтін көрінетін болады, Ұсталмайтын ұсталады, Мәңгілік бастау алады. Құдай Ұлы адам ұлына айналады”, – дейді шіркеу ұстазы, әулие Григорий Богослов. Баршаға сүйіспеншілік танытатын, шексіз мейірімді Жаратушы Өзі жаратқан дүниеден тыс қалуды қаламады және көкте Құдай болып қала отырып, шынайы Адамға айналды, біздің тәніміз бен қанымызды, адам табиғатына тән әлсіздіктер мен ауруларды, қиналу мен қуану, төзу мен қайғыру қабілетімізді қабылдады. Алайда адам жанына тән осы қасиеттердің бәрін Мәсіх Өзінің Құдайлық Рухымен биіктетіп, қасиеттендірді. Құтқарылу ісін жүзеге асыра отырып, Ол адамға Құдаймен ең тығыз бірігу жолын ашты. Жаратқан Ие біздің де сол Құдайлық сезімдерге қанығып, бойымызға сіңіруімізді қалайды. Құтқарушы шындықты іздеген әрбір адамға оларды сыйлауға дайын. “Міне, Мен есік алдында тұрмын да қағып тұрмын: кім дауысымды естіп, есікті ашса, соған кіремін де, онымен бірге кешкі ас ішемін, ал ол Менің қасымда болады” (Откр. 3:20). Сондықтан Рождество мерекесі – ар-ұжданымызға бағытталған, бізді ерлік пен Құдайға қызмет ету жолына шақыратын үндеу», – деп атап өтті митрополит Александр.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді