ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
11.01.2026, 10:00

Қостанай епархиясына митрополит Александрдан қасиетті сый — Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесімен «мера в меру» тізімі

Қостанай епархиясына митрополит Александрдан қасиетті сый — Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесімен «мера в меру» тізімі

11 қаңтар 2026 жыл. Қостанай.

Қостанай қаласындағы Қасиетті Константино-Еленинский атындағы кафедралды соборда Құдайлық Литургия басталар алдында аса салтанатты түрде Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесімен нақты тізімін қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл қасиетті жәдігер Қостанай және Рудный епархиясына Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың сыйы болып табылады.

Сыйға тартылған белгіше — XIII ғасырда Кострома қаласында Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесімен  «мера в меру» тізімі болып табылады. Белгішені заманауи көрнекті икона салушы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколов жасаған. Белгіше Мәскеу қаласындағы Александр Невский атындағы көркем шеберханада танымал зергер А.И. Анискин жасаған метал қаптамамен безендірілген. Бұл қаптама XIX ғасырдағы зергерлік өнердің жауһары — 1891 жылы сенушілердің ерікті қайырымдылық қаражатына жасалып, Костромадағы түпнұсқа Феодоров белгішесін әшекейлеген асыл тастармен көмкерілген алтын ризаның дәл көшірмесі болып табылады.

Қостанайға әкелінген Аспан Патшайымының жаңа жазылған қасиетті бейнесі Кострома қаласындағы ғажайып Феодоровская белгішесінің алдында митрополит әмірші тарапынан қасиеттелді.

Қымбат қаптамадан бөлек, Феодоровская бейнесінің тағы бір ерекше әшекейі — митрополит Александр сыйға тартқан қасиетті сандықша болды. Оның ішінде тарихи жәдігер — XVII ғасырға дейін ғажайып белгішесінің төменгі жиегіне бекітіліп тұрған көне ағаштың бір бөлігі сақталған.

Дін қызметкерлері «Пришествием честныя Твоея иконы, Богоотроковице» тропарын шырқай отырып, Құдай Анасының   Феодоровская белгішесі  орнатылған арнайы қорапты ғибадатхана ішіне әкеліп, храмның орталық бөлігіне орналастырды.

Дін қызметкерлерімен бірге Митрополиттік округінің Басшысы Ең Қасиетті Құдай Анасына мадақ айтып,  сенуші халықтың қасиетті жәдігерге тағзым етуіне бастау берді.

Иерарх Қостанай облысының астанасына православие әлемінде аса құрметтелетін Аспан Патшайымының бірегей дәлме-дәл көшірмесінің келуімен дін қызметкерлері мен жамағатты құттықтап, уағызын айтты.

«Құдай қорғауындағы Қостанай жерінің тұрғындары үшін Мәсіхтің Рождествосын тойлау күндері ерекше оқиғамен белгіленіп отыр. Бүгін епархияның басты ғибадатханасы — Қостанай қаласындағы Қасиетті Константино-Еленинский кафедралды соборына ұлы қасиетті жәдігер — Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесімен “мера в меру” тізімі сыйға берілуде. Апостолдық замандардан бері христиан әлемі Құдай Анасының белгішелерін терең құрмет тұтады. Шіркеулік дәстүр бойынша, Оның алғашқы бейнесін қасиетті евангелист Лука жазған. Ата-бабаларымыз Аспан Патшайымына шынайы сүйіспеншілікпен қараған, бұған Православие Шіркеуінде ғажайыптарымен даңққа бөленген Ең Қасиетті Құдай Ана белгішелерінің көптігі дәлел. Солардың ішінде Құдай Анасының Феодоровская белгішесі — ғасырлар бойы ұлы әрі даңқты тарихи оқиғалармен тығыз байланысты аса қасиетті жәдігер. Бүгін тағзыммен сақтауға және дұғамен құрметтеуге беріліп отырған бұл көшірме көрнекті иконо салушылар мен зергерлер тарапынан иконографияның барлық ережелері мен дәстүрлері сақтала отырып шебер жасалған. Ол Қазақстан жерінің амандығы мен тыныштығы үшін ерекше дұғалармен Құдай Анасының Феодоровская бейнесінің алдында қасиеттелді. Белгіше қаптамасында орнатылған арнайы қораптың  ішінде XVII ғасырға дейін ғажайып бейненің төменгі жиегінде бекітілген тарихи ағаштың бір бөлігі бар. Ежелден бұл қасиетті жәдігер православие халқы тарапынан отбасы бақытына, бала сүю мен тәрбиесіне жәрдемші ретінде құрметтеліп келеді. Осы бейненің алдында жасалған дұғалар арқылы ауыр дерттерден, соның ішінде бедеуліктен айығу жағдайлары орын алғаны туралы нақты, құжатпен расталған деректер бар. Қостанайдағы Қасиетті Константино- Еленинский соборында Аспан Патшайымының ғажайып Феодоровская бейнесінің болуы осы жомарт қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барша жұртқа рухани күш-қуат пен жұбаныш сыйласын. Бұл сый Ең Қасиетті Құдай Анасының алдында сеніммен әрі сүйіспеншілікпен дұға ететін әрбір жан үшін Құдайдың мейірімінің қайнар көзі болсын»,- деді атап айтқанда әмірші митрополит.

Архипастырлық уағыз аяқталған соң, протодиакон Роман Головин Құдай Анасы — Аспан Патшайымының Феодороввская бейнесін Қостанай епархиясының басты ғибадатханасына тағзыммен сақтау және дұғалық құрмет көрсету үшін оны табыстау жөніндегі грамота мәтінін оқыды.

Ең Қасиетті Құдай Анасына арналған ұлықтау жыры орындалып жатқан сәтте митрополит Александр белгішені көтеріп, храмды, дін қызметкерлерін және жамағатты жарылқап, епархияның басты қаласы мен бүкіл Қостанай өңіріне Құдайдың батасын тіледі.

Соңында Русь Православие Шіркеуінің Басшысы — Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллге; Қазақстан Митрополитік округінің басшылығына, архипастырларына, дін қызметкерлері мен жамағатына; сондай-ақ ел Президентіне, мемлекеттік билікке, әскеріне және Қазақстанның барша халқына көпжылдық ғұмыр тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді