11 қаңтар 2026 жыл - Елуінші күн мерекесінен кейінгі 31-апта, Рождестводан кейінгі кезең, әділ ИосифОбручникті еске алу күні, сондай-ақ Иродтың бұйрығымен Вифлеемде қырғынға ұшыраған 14 000 сәби-шеәіттің естелігі.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қостанай епархиясының басты ғибадатханасы — Қостанай қаласындағы Қасиетті Константино- Еленинский кафедралды соборында Әулие Иоанн Златоусттың Құдайлық Литургиясын өткізді.
Құдайлық қызмет басталар алдында Қостанай епархиясының басты храмында Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесімен «мера в меру» тізімін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Бұл қасиетті жәдігер Қостанай және Рудный епархиясына Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы — Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың сыйы болып табылады.
Дін қызметкерлері «Пришествием честныя Твоея иконы, Богоотроковице» тропарын орындай отырып, Құдай Анасының Феодровская белгішесі орналасқан арнайы қорпаты ғибадатхана ішіне әкеліп, храмның орталық бөлігіне орнатты.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Константино-Еленинский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Василий Королев, епархияның басты храмы клиригі игумен Иннокентий (Помогалов), Лисаков шіркеу округінің құрметті өкілі, Лисаковск қаласындағы қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Олег Калмыков; Қостанай епархиясының рухани әкесі протоиерей Андрей Корчажников, Константин-Еленинский храмының клиригі, Сарыкөл шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Виталий Клеба; Қостанай қаласындағы Никольский храмының кілтшісі протоиерей Виталий Гуцан, митрополиттің хатшылық қызметінің жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Затобольск кентіндегі Құдай Анасының Қазан храмы настоятелі иерей Андрей Крутин, Әулиекөл ауылындағы Александр Невский храмы басшысы иерей Иоанн Федяй, Ұзынкөл ауылындағы Петропавл храмы басшысы иерей Георгий Куслиев, иерей Алексей Ковалев, иерей Сергий Неверов, иерей Георгий Черных, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий, диакон Елиазар Айтбакин, диакон Георгий Ткаченко, диакон Алексий Федорченко, диакон Тарасий Такенов.
Сондай-ақ Құдайлық қызмет басталар алдында сенушілердің дұғалық тағзымы мен рухани нығаюы үшін Қостанай епархиясының басты храмына Афон тауындағы әулие Павел монастырінен әкелінген волхвтардың Қасиетті Сыйларының көшірмесі салынған кеме жеткізілді.
Құдайлық қызмет барысында Қостанай қаласындағы Константин-Еленинский соборының хоры Т. Жебрактың басқаруымен ән шырқады.
Қызметке қатысып дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополитік округі хорының регенті, Орыс шіркеулік әнін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Октябрьский кентіндегі Иверско-Петропавл әйелдер монастырінің игумениясы монахиня Ника (Отрощенко) монастыр тұрғындарымен бірге; казак қауымы, жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері, Қостанай қаласының храмдарына келуші жамағат және көршілес елді мекендерден келген қажылар.
Қасиетті Құпиядан кейін протоиерей Виталий Клеба Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық үндеуін оқыды.
Литургия соңында Рождествоға арналған мадақ айтылып, одан кейін митрополит Александр дін қызметкерлері мен жамағатты Құдай Сөзінің дүниеге келу мерекесімен және православие әлемінде аса қадірленетін Аспан Патшайымының бньгішесімен бірегей дәлме-дәл тізімінің Қостанай облысының орталығына жеткізілуімен құттықтап, уағызын айтты.
Протодиакон Роман Головин Құдай Анасы — Аспан Патшайымының Феодоровская бейнесін Қостанай епархиясының басты храмына тағзыммен сақтау және дұғалық құрмет көрсету үшін оны табыстау туралы грамота мәтінін оқыды.
Ең Қасиетті Құдай Анасына арналған ұлықтау жыры орындалу кезінде митрополит Александр белгішені көтеріп, храмды, дін қызметкерлерін және сенушілерді жарылқап, Қостанай қаласына Құдайдың батасын тіледі.
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллге; Қазақстан Митрополитік округінің Басшысына және Преосвященный архипастырларына; ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа; мемлекеттік билікке, әскерге және Қазақстанның барша халқына көпжылдық ғұмыр тіленді.
Архипастырлық уағыздан кейін жамағат пен қажылардың Аспан Патшайымының Феодоровская бейнесіне тағзым етуі басталды.
«Бүгін “барша жаратылыс — періштелер қауымы мен адамзат” Вифлеемде дүниеге келген Құдайлық Нәрестеге қуанышпен шаттанады. Аспан мен жердің ұлы қуанышының себебі — Құдайдың адам болып келуі: “Құдайшылықтың ұлы құпиясы айқын: Құдай тәнде көрінді, Рухта ақталды, періштелерге аян болды, халықтарға уағыздалды, әлемде сеніммен қабылданды” (1 Тим. 3:16). Құдай Ұлы адамдарды Жаратушымен татуластыру үшін, Өз өмірі, айқыштағы азаптары мен даңқты Өлімі мен Қайта тірілуі арқылы адамзатты жаңа, күнәсіз өмірге — мәңгілік бақытты Патшалыққа тірілту үшін жерге келді. Дүниеге келген, бізге шынайы Махаббат ретінде ашылған Құдайдың келуін тойлай отырып, біз Жаратқан Иеге және жақынымызға деген берік әрі риясыз сүйіспеншілікті үйренуіміз керек. “Келіңдер, сенушілер, көктен болған Құдайлық түсуге көз салайық, Вифлеемде бізге аян болғанына қарап, ойымызды тазартып, ізгі өмірді сый етейік”, — деп осы ұлы күндерде бізді Мәсіх Шіркеуі шақырады. Қасиетті әкелердің ілімі бойынша, Інжілде Құтқарушымыз өсиет еткен сүйіспеншілік — бұл тек сезім мен әдемі сөздер емес, нақты игі істер мен әрекеттердің жиынтығы. “Сүйіспеншілікті сөзбен немесе тілмен емес, іспен және шындықпен көрсетейік!” (1 Ин. 3:18), — деп бізді апостол әрі евангелист Иоанн Богослов үйретеді», — деп атап өтті митрополит Александр өз уағызында.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр