ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
06.08.2026, 14:00

2026 жылғы 11 тамызда Серафим-Феогност ерлер монастырінде Алматы қасиетті азапкерлері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған рухани салтанаттар өтеді

2026 жылғы 11 тамызда Серафим-Феогност ерлер монастырінде Алматы қасиетті азапкерлері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған рухани салтанаттар өтеді

2026 жылғы 11 тамызда, Қазақстанның көктегі қамқоршылары – Алматылық қасиеті азапкерлер Серафим мен Феогностты еске алу күніне орай, Ақсай шатқалындағы Серафим-Феогност ерлер монасиырінде әулие иеромонахтардың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған рухани салтанаттар өтеді.

Мәсіх жолындағы азап шеккендердің жерленген орнында Құдайлық Литургияны Қазақстан Митрополиттіп округінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарады.

Мерекелік құлшылыққа Алматы епархиясының архипастырлары мен дін қызметкерлері қатысады.

Литургияның басталуы – сағат 8:30.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшвсыеың батасымен қажылар үшін монастырьға апаратын жаяу жолдың басталу нүктесіне дейін арнайы көлік ұйымдастырылады. 11 тамыз күні таңғы сағат 6:00-де Алматы қаласындағы Никольский соборынан (Байтұрсынов көшесі, 56/5) Ақсай шатқалына 6 автобус жолға шығады.

Қасиетитті азапкерлер Серафим мен Феогносттың рухани ерлік еткен әрі азап шегіп дүние салған қасиетті орнына қажылық етуді қалайтындар Никольский соборына алдын ала келуі қажет.

Қажыларға өздерімен бірге мыналарды алып жүру ұсынылады: экологиялық алымды төлеуге арналған қолма-қол ақша (бір адамға 650–700 теңге);ауыз су;бас киім; жәндіктерден қорғайтын құралдар.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді