ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
26.09.2026, 12:00

Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Өскемен епархиясындағы сапары аяқталды

Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Өскемен епархиясындағы сапары аяқталды

25 қыркүйек 2026 жыл. Тримифунт епископы, әулие әрі ғажайып жасаушы Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Өскемен епархиясындағы сапары аяқталды.

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің аумағында болып жатқан қасиетті жәдігер Өскемен қаласындағы Әулие Андрей кафедралды соборында болды.

Тримифунт архипастырының қасиетті жәдігерінің Қазақстанға әкелінуін «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қасиетті жәдігерлердің Қазақстан бойынша сапарына Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал және Атырау епископы Вианор, Элладалық Православие шіркеуінің Керкира митрополиясының діни қызметкерлері, Алматы қаласы шіркеулерінің дін қызметкерлері және «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В. М. Капсамун бірге қатысуда.

Рудный Алтайдың астанасына сапары барысында Митрополиттік округтің Басшысы Ең Қасиетті Құдай  Анасының Рождествосы мерекесінің қорытынды күнінде кафедралды соборда Құдайдың қасиетті Литургиясын атқарып, Әулие Үштік ерлер монастыры мен епархиялық мұражайды аралады. Сондай-ақ Үштік монастыры жанынан Тримифунт әулиесі Спиридонның атына арналған рухани-мәдени орталықтың іргетасын қалау рәсімін жасады.

Кешке қорытынды дұға рәсімінен кейін Православие дінінің ұлы қасиетті жәдігері Өскемен қаласынан шығып, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына жол тартты.

Бұған дейін қасиетті сандықтағы қасиетті жәдігерінің алдында Митрополиттік округтің Қарағанды және Орал епархияларының діндарлары дұға етті. Жалпы, бес күн ішінде қасиетті жәдігерге 41 мыңнан астам адам тағзым етті. Дін қызметкерлері үздіксіз дұға рәсімдерін өткізді. Ал «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен қажыларға ақпараттық кітапшалар мен қасиетті жәдігерлерде қасиеттелген әулие Спиридонның иконкалары таратылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді