5 қазан 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Алматы облысы Байдібек би ауданының Маловодное ауылында жаңадан салынған Богородице-Рождестволық храмға сыйға тартылған шіркеулік керек-жарақтарды табыстау рәсімі өтті.
«Софрино» көркем-өндірістік кәсіпорнының шеберханаларында әзірленген шіркеулік керек-жарақтар Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өтініші бойынша, «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қамқорлығымен және оның президенті Валерий Михайлович Капсамунның бастамасымен жаңадан салынған шіркеуге сыйға тартылды.
Іс-шараға қатысқандар: Элладаның Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясының дін қызметкерлері – протопресвитер Эвангелос Кутрас пен протопресвитер Фома Костамонитис; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиялық протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; диакон Георгий Ткаченко; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун.
Митрополиттік округ Бсшысы шіркеулік керек-жарақтарды Богородице-Рождестволық храм басқарушысының көмекшісі диакон Георгий Ткаченкоға табыстады.
Сыйға тартылған құлшылық етуге арналған заттардың қатарында шырақ қоятын тұғырлар мен лампадалар бар.
Басқарушы диакон Георгий мен шіркеу қауымы атынан Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына және Валерий Михайлович Капсамунға шіркеуді көркейтуге арналған шіркеулік керек-жарақтарды сыйға тартқаны үшін шынайы алғысын білдірді.
Митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында жексенбілік Литургияны өткізді
Толығырақ
Қасиетті риясыз емшілер әрі ғажайыптар жасаушылар Косма мен Дамианның рухына тағзым ету күні. Митрополит Александр Ақжар шағынауданындағы Богородице-Рождественский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Алматы рухани семинариясының әкімшілігімен және студенттерімен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр