3 қараша 2026 жыл. Қазан Құдай Анасы иконасының мерекесі қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында түні бойы құлшылық ету рәсімін өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов); Алматыдағы Вознесенск кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, протоиерей Александр Суворов және собордың дін қызметкерлері.
Діни әндерді Е. Богуславецтің жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры орындады.
Таңсәріде Інжілден үзінді оқылғаннан кейін митрополит Александр жиналған қауымға Құдай Анасына құрмет көрсету тақырыбында уағыз айтты.
Канон орындалып жатқан кезде сенушілерге қасиеттелген май жағылды.
4 қарашада, мерекенің дәл өзінде, Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Оңтүстік астананың ең көне храмы – храмдық мерекесін атап өтетін Қазан Құдай Анасы иконасының құрметіне арналған соборда Құдайлық Литургияны өткізеді. Басталуы сағат 8:30.
Құдайдың Архистратигі Михаил мен өзге де Көктегі тәнсіз күштер мерекесінде митрополит Александр Мәскеу қаласындағы Қазақстан Митрополиттік округі Өкілдігінің храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
«Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунның Алматы православие рухани семинариясының әкімшілігі және педагогикалық ұжымымен кездесуі өтті
Толығырақ
Ресей Православие Шіркеуінің Қасиетті Синод мүшелерінің Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллді 80 жасқа толуына орай құттықтауы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр