ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
07.09.2024, 11:30

Апостол Варфоломейді еске алу күні Митрополиттік округ басшысы Алматы қаласындағы Құтқарушы Мәсіхтің Соборында Литургияны атап өтті.

Апостол Варфоломейді еске алу күні Митрополиттік округ басшысы Алматы қаласындағы Құтқарушы Мәсіхтің Соборында Литургияны атап өтті.
7 қыркүйек 2024 жыл - Апостол Варфоломейдің мүрдесін көшіру құрметіне арналған мереке.
 
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы  Христорождественск соборының Троица шіркеуінде Ұлы Литургияны атап өтті.
 
Митрополиттік округтің басшысына қымет еткендер: Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольск соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; протоиерей Евгений Воробьев, Құдай Анасының «Жоқтаушылардың барлығына қуаныщ» иконкасының құрметіне Алматы шіркеуінің басшысы, протоиерей Евгений Воробьев, Христорождественск соборының ключары протоиерей Александр Гайченя, Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі Басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иеромонах Георгий Сидоров, Алматы православиелік діни семинариясының сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, Алматыдағы Қазан соборының ключары иерей Георгий Рублинский, Христорождественск соборының клиригі Максим Идрисов, протодиакон Николай Гринкевич,  Митрополиттік протокол қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, Әулие Лука (Войно-Ясенецкий) атындағы православиелік медициналық орталықтың бас дәрігері диакон Александр Джоджуа.
 
Е.Скорованың жетекшілігімен Алматыдағы Құтқарушы Мәсіхтің Соборының хоры ән шырқады.
 
Қызмет барысында дұға еткендер: Қазақстан православиелік дәрігерлер қоғамының мүшелері, Әулие Лука атындағы медициналық орталығының қызметкерлері, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері және ғибадатхананың приходтары.
 
Қасиетті дұға оқылғаннан соң иерей Даниил Бобылев уағыз айтты.
 
Ғибадат ету  соңында митрополит Александр дін қызметкерлері мен приходтарға ортақ дұғалары үшін шын жүректен алғыс айтып, жиналғандарды апостол Варфоломей құрметіне арналған мерекемен құттықтады және уағыз айтты.
 
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы өзінің иподиаконы Илья Яценконы туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған Құдайдың мейірімін, жан және тән саулығын, Мәсіх шіркеуіне адал қызмет етуін тілей отырып, қасиетті просфораны табыс етті.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді