ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
11.09.2024, 16:05

Ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанны еске алу мерекесінде Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Православие Шіркеуінің Өкілдігінде Литургияны атап өтті

Ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанны еске алу мерекесінде Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Православие Шіркеуінің Өкілдігінде Литургияны атап өтті

11 қыркүйек 2024 жыл – Пайғамбар, ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанны еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София атындағы Патриархалдық қарсы алу үйінде орналасқан ғибадатханада  – Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдігінде Ұлы Литургияны атап өтті.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: өкілдіктің клиригі, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Митрополиттік округ басшысының көмекшісі иеромонах Антоний (Дробязко) және қарсы алу үйінің клириктері.

Литургиялық әндерді Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры орындады.

Литургия соңында ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанны ұлықтау өтті, содан кейін архипастор діни қызметкерлер мен приходтарды шейіт болған «Величайшего из рожденных женами, пророка Ветхого и Нового Заветов» күнімен құттықтап, уағыз айтты.

Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синоды Мәскеу және Бүкіл Русьтің Патриархы Кириллдің төрағалығымен 2014 жылғы 25 шілдедегі отырысында жыл сайынғы 11 қыркүйекте, ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанны еске алу күніне орай  Салауаттылық күнін атап өтуді қалпына келтірді. Салауаттылық күнін атап өту  алғаш рет 1913 жылы Қасиетті Басқарушы Синод белгіледі, ал 1914 жылы оны жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Орыс Православие Шіркеуінің барлық шіркеулерінде ішімдікке  және нашақорлық дертіне шалдыққандар үшін арнайы дұғалар оқылып, Салауаттылық Күніне орай Қасиетті Хазіреті атынан жолдау оқылды.

«Ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанн, пайғамбарлардың ең ұлысы, ескі тарихты аяқтап, Жаңа өсиет дәуірін ашады. Қасиетті пайғамбар Иоанн адам тәнінде болған Құдайдың Жалғыз Ұлының жер бетіне келуін куәлік етті. Ол Оны Иордан суында шомылдыру рәсімінен өткізіп, Құтқарушының шомылдыру рәсімінен өткен күні Ең Қасиетті Троицаның жұмбақ болып келгенін көру құрметіне ие болды. Қасиетті Иоанн — діни қызметкер Захарии мен дін жолын ұстанған Елизаветаның ұлы. Архангел Гавриил оның туылуының хабаршысы болды, ол ғибадатханада әкесіне ұлы болатынын айтты. Жоғарыдан алдын ала дұға етіп сұрап алған нәресте Киелі Рухты болып туылды. Жастайынан әділ Иоанн жабайы шөлде өмірін қатал бақылауда ұстап, ораза және дұға арқылы өзін үлкен қызметке дайындады. 30 жасында ол тәубеге келуді уағыздауға шығып, адамдарды әлемнің Құтқарушысын қабылдауға дайындады. Шіркеу әндерінің сөздеріне қарағанда, қасиетті Иоанн өзінің жарығымен басқа «жұлдыздардың» жарқырауынан асып түсетін «жарқын таң жұлдызы» - ескі өсиет жеткізуші және рухани Күн әлеміне -  Өмір Беруші Мәсіхтің пайда болуын жариялаушысы болды. Құтқарушыны шомылдыру рәсімінен өткізгеннен кейін көп ұзамай қасиетті Иоанн Ирод патшаның бұйрығымен семсермен басы кесілген шейітке айналды.

Бүгін қасиетті Иоанны еске ала отырып, біз оның уағызының негізгі сөздерін тағы бір рет еске түсіріп, олардың маңыздылығы туралы ойлануымыз керек: «Тәубе етіңдер, өйткені Көк Патшалығы жақын». Тәубеге келу  – Құдаймен тілдесуге дайындайтын рухани өміріміздің қажетті шарты, Құдаймен бір болуға  апаратын жол. Шынайы тәубе адамның өз қателіктерін түсіну арқылы Құдайдың шексіз мейірімін күнәдан бас тарту мен жасалған зұлымдыққа жүректің өкінуін сезінуден басталады. Шынайы өкіну – адам болмысының терең өзгеруі, ерікті күнәһар болудан және қарабасын ойлайтын болмыстан бас тарту, Інжілдің өсиеттері бойынша жаңа өмір бастау, Мәсіхтің ақиқатына ұмтылу, Құдайға және жақынға деген сүйіспеншілік. ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушыны мінажатпен еске ала отырып, оның шапағаты мен дұғасы арқылы Құдай Өзін жақсы көретіндермен бірге тұратын Көк Патшалығына кіру үшін шын жүрекпен өкіну қақпаларын алдымыздан ашуын сұрайық». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді