12 қыркүйек 2024 жыл – Нағыз тақуа кнәз Александр Невский мен қасиетті Александр Свирскийді еске алу күні.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының тұрақты мүшесі, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрға жолданады.
Жоғары Мәртебелі, Ең құрметті билеуші!
Халқымыз ерекше қастерлейтін әулиелер– нағыз тақуа кнәз Александр Невский мен Өмір сыйлайтын Үшбірліктің құпия сырларын білетін қасиетті Александр Свирскийдің есімдері мерекесі күнін дұға етіп атап өтесіз.
Осы күні сіздермен бірге қуана отырып, біз, сіздің рухани балаларыңыз, Жаратушы және барлық игіліктерді берушіден, архипасторымыз бен әкеміз, сіз, үшін шын жүректен дұға етеміз. Биыл Сіздің қасиетті қызметіңізге 35 жыл толып отыр. Өзіңіздің туған православие игілігі және Қасиетті Шіркеудің даңқы үшін жасаған жан-жақты еңбектеріңізді сіз әрқашан Иса Мәсіхтің атынан Ол арқылы Құдай және Әкеге алғыс айта отырып, бәрін атқаруға тырысасыз (Кол. 3:17).
15 жылға жуық уақыт бойы Жаратушының қалауымен Қазақстандағы өзіңізге тапсырылған архипастырлық айқышын арқалап, осы көне өлкедегі шіркеу өмірін жан-жақты ұйымдастыруға, діни сенімі және адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі артуына қамқорлық жасап келесіз. (2 Фес. 1:3). Сіз әрқашан рухани білім мен ағартушылыққа ерекше көңіл бөлесіз.
Басшылыққа, ұстаздар мен студенттерге арнап айтатын ғибратты сөздеріңіздің ішінде қасиетті Ұлы Пименнің бақытты болғысы келетін әрбір адамға арнаған тамаша сөзі бар: «Біз көп дұға етіп, көп еңбек етуіміз керек және адамдарға жақсылық жасауымыз керек». Сіз бұл дана сөздерді өміріңіздің ұранына айналдырдыңыз. Қасиетті басшылығыңызға бағына отырып, осы қасиетті өсиетті әрдайым өмірімізге жарата білуді Құдай бұйыртсын.
Сізге, қымбатты Билеуші, Құдайдың мейірімі мен Аспан патшайымының, нағыз тақуа кнәз Александр Невскийдің және қасиетті Александр Свирскийдің, қазақ жеріне нұрын сепкен жаңа шейіттер мен діни мойындаушылардың дұғалық қорғауындағы Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы апостолдық қызметіңізге берекелі табыс тілейміз. Сүйіспеншілік арқылы жүзеге асырылатын Сіздің сеніміңіздің сәулесі (Гал. 5:6) барлық адамдарға жарқырай берсін.
Әулиелер дұғалары мен баталарын сұрай отырып, Сіздің Мәртебеліңізді мойындаушылары: ректордың м.а. протоиерей Евгений Иванов, Алматы православиелік діни семинариясының әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр