12 қыркүйек 2024 жыл – Нағыз тақуа кнәз Александр Невский мен қасиетті Александр Свирскийді еске алу күні.
Әулие князь Александр Невский мен Әулие Александр Свирский есімдеріне дұға бағыштап атап өту мерекесі күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдігінде - Мәскеу қаласындағы Вера, Надежда, Любовь және София қасиетті шейіттер атындағы Патрихалдық қарсы алу үйінде орналасқан ғибадатханада Ұлы Литугияны өткізді.
Жоғары Мәртебілісіне қызмет еткендер: наместник Свято-Георгий Мещовский ерлер монастырінің өкілі архимандрит Георгий (Евдачев) (Метрополис Калуга), Өкілдіктің клиригі, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангель (Гагуа); Мәскеудің Крутицы Патриархалдық қарсы алу үйінің клиригі протоиерей Сергий Шастин, Митрополит округі басшысының көмекшісі иеромонах Антоний (Дробязко) және қарсы алу үйінің клириктері.
Ғибадат ету әндерін Анна Рожнованың жетекшілігімен шіркеу хоры орындады.
Литургияда дұға еткендер: Томск облысының губернаторы В.В. Мазур, із-түзсіз жоғалған және азап шеккен балаларға қайырымдылық көрсету Ұлттық орталығының Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы, Әулие Василий Қорының бас директоры Е.И.Мильская; Өкілдік қызметкерлері, Патриархалдық қарсы алу үйінің негізін салушылар және ғибадатхананың приходтары.
Құдайға ғибадат ету іс-шарасы қасиетті князь Александр Невскийді және құрметті Александр Свирскийді мадақтаумен аяқталды.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге; Қазақстан митрополиттік округінің басшысы және епископтына; Ел Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевқа; Қазақстан мен Ресей билік басшыларына, қарулы күштері мен халқына ұзақ ғұмыр тіленді.
Иеромонах Антоний (Дробязко) Орыс Православие Шіркеуінің Басшысының Митрополит Александрға қасиетті есімдерді еске алу күніне орай құттықтау сөзін оқыды.
Қазақстан Митрополитінің басшысы ізгі тілектер үшін алғысын айтып, шіркеуге жиналғандардан Мәсіх шіркеуіне қызмет етуде Құдайдың рақымын жіберу үшін терең дұға етуді сұрай отырып, дін қызметкерлері мен приходшыларды ұлы әулиелер – нағыз тақуа кнәз Александр Невский мен құрметті Александр Свирскийді еске алу күнімен құттықтады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр