ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
08.08.2024, 16:00

Қазақстан Митрополиттік округінің делегациясы минсктік Бүкіл әулиелер құрметіне арналған шіркеу - ескерткішіне барды.

Қазақстан Митрополиттік округінің делегациясы минсктік Бүкіл әулиелер құрметіне арналған шіркеу - ескерткішіне барды.

8 тамыз 2024 жыл. Минск. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Митрополит округінен еріп келген қажылар делегациясымен бірге Беларусь Экзархатының ең әйгілі шіркеулерінің бірі – Бүкіл әулиелер құрметіне арналған  шіркеу ескерткішіне барды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысын, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий мен қажыларды Беларусь Православие Шіркеуінің зайырлы оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі синодтық бөлімінің төрағасы, діни қауым кеңесінің төрағасы, бүкіл әулилер құрметіне арналған шіркеудің ключары протоиерей Феодор Повный қарсы алды.

Шіркеудің ключары атап өткендей, археологиялық және антропологиялық сараптамадан өткен үш Отан соғысы жауынгерлерінің сүйегі ойықтарда жерленген: ортасында - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, сол жақта - Бірінші 1914-1917 жылдардағы дүниежүзілік соғыс, оң жақта – 1812 жылғы Отан соғысы. Орталық бөлменің солтүстік және оңтүстік жағындағы қабырғалары әйнекті архитектуралық және сәндік дизайнмен жасалған, олардың ішіне тарихи шайқастардың және Отанына қызмет еткен әр елдегі белорустардың жерленген жерінің хрусталь ыдыстарында сақтау үшін мемориалды қуыстар салынған;

Митрополит Александр табиғи мәрмәр мен қоладан жасалған, ішінде Иерусалимдегі Қасиетті қабірден алынған жароқыраған оты бар сөнбейтін шамнан алып шам жақты.

Палех шеберлері салған Воскресения Христова бейнесі бар криптің негізгі белгішесінің алдында  - қажылар жерленгендерді еске алу дұғасын оқып, пасхалық әндерін айтты.

Архипастырлар мен қажылар XI-XX ғасырлардағы Беларусь аумағында және одан тыс жерлердегі соғыстар кезіндегі  ел тұрғындарының қатысуымен адам шығынын айғақтайтын экспонаттар мен құжаттарға негізделген мұражай көрмелерімен танысты. Бірнеше стендтерде Екінші дүниежүзілік соғыс майданындағы ұрыс оқиғаларына қатысқан белорус діни қызметкерлері туралы ақпарат көрсетілген. Сонымен қатар 3-Dмоделирования  әдісін қолданатын макетте «Погибшие в лагере смерти в д. Малый Тростенец» тақырыбындағы басқа кешен көрсетілген.

«1941-1944 жж. Еуропадағы және Беларусьтегі шоғырлану лагерлерінің құрбандары» инсталляциясында 2000 жылдары табылған Минск маңындағы Благовщина батпағынан Тростенец лагері тұтқындарынан алынған бірегей заттар ұсынылған. Залдың көркемдік басым белгілерінің бірі – үш түрлі мағыналық зоналары бар «Естелік қабырғасы» инсталляциясы:  Әйелдің манекені бар «Ата-аналар үйі» - соғыс майданында күйеуі мен ұлдарынан айырылған барлық белорус әйелдері мен аналарының образы. Инсталляцияның бұл бөлігінде Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусь аумағынан шақырылған әскери қызметкерлердің өлімінің 20 түпнұсқалық дәлелі келтірілген. Мультимедиялық орналасуда 1945 жылы кеңес әскерлерінің Еуропа елдерін азат етуінің бейне хроникасы бар.

Мұражаймен танысып, шіркеудің киелі орындарына тағзым еткен Митрополит Александр протоиерей Феодор Повноға мемориалдық шіркеудің  құрылуы туралы толықтай түсіндірілген әңгімесі және танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтып, қауым кітапханасына Қазақстан Митрополиттік округінде жарық көрген кітаптарды табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді