ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
Шіркеу және мемлекет
14.09.2024, 12:05

Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий Байқоңырдағы Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлаудың ғылыми-зерттеу кешенінде дұға оқыды.

Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий Байқоңырдағы Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлаудың ғылыми-зерттеу кешенінде дұға оқыды.

11 қыркүйек 2024 жыл. Байқоңыр. Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий Ғарышқа кемелердің пилотты ұшырылуында Құдайдың көмегін сұрап «әрбір игі істің басталуы алдында» дұғасын оқыды.

Ғибадат ету Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлаудың ғылыми-зерттеу сынақ орталығында өтті.

Дәстүрлі рәсімде дұға еткендер: «Роскосмос» ғарышкерлері Алексей Овчинин, Иван Вагнер және NASA америкалық астронавты Дональд Петтит, «Роскомос» басшылары мен Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлері.

Архипастормен бірге епархияның дін қызметкерлері мен Ақтөбе епархия басқармасының қызметкерлері дұға жасады.

«Бурлак» экипажы («Союз МС-26» ғарыш кемесі командирінің шақыру белгісі) станцияда 200 күннен астам уақыт болып, 2025 жылдың көктемінде Жерге оралады.

«Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру 11 қыркүйекте Астана уақытымен 21:23-те өтті.

11 қыркүйекте басталған миссияның мақсаты –ол жақта бір жылдай болатын ғарышкерлер мен салмағы шамамен 130 келі жүкті стансаға жеткізу. Олардың ішінде фото және бейне түсіруге арналған жабдықтар, әртүрлі ақпаратты сақтау құрылғылары, шығын материалдары, азық-түлік, эксперименттерге арналған жабдықтар бар. Бұл ХҒС-қа ұзақ мерзімді экспедициялардың бір бөлігі, оған ғарыш кеңістігіне шығып, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізетін команда да кіреді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді