20 қыркүйек 2024 жылы, кешке, біздің Қасиетті Билеуші Құдай Ана мен қасиетті Мәриям Бикенің Рождествосы мерекесі қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский соборында түні бойы сергектік өткізді.
Оңтүстік астананың бас шіркеуінде ғибадат ету кезінде Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов); Вознесенский кафедралды соборының діни ключары, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы протоиерей Александр Суворов; Алматы діни семинариясының ректоры м.а., Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов және собордың діни қауымдастығы.
Әндерді Митрополит округінің хоры (регент - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстер - В. Дударева) және Вознеский соборының хоры (регент - Н. Зубревич) орындады.
Қасиетті түнде шіркеу Жарғысына сәйкес нан, қызыл шарап, бидай және майды (зәйтүн майы) қойып күшейтілген дұға (лития) орындалды.
Таң сәріде ізгі хабар өсиеттерін оқығаннан кейін митрополит Александр ғибадат етушілерге уағыз айтып, православиелік христиандар үшін атап өтіліп жатқан оқиғаның рухани мәні мен маңызы туралы айтты.
Қаситті Құдай Ананың Рождествосы канонын әндету кезінде діни сенушілер қасиетті зәйтүн майымен сыланды.
Мереке күні Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматы қаласының Ақжар ықшамауданындағы Богородица-Рождественский шіркеуінде құдайлық литургияны өткізгелі отыр. Басталуы 8:30-да.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр