25 тамыз 2024 жылs Елуінші күн мерекесінен кейінгі 9-шы аптада Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийлері Оңтүстік астананың шіркеулерінде жексенбілік ғибадаттарын жасады.
Қазақстан Православие шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий Алматыдағы Вознесенский шіркеуінде Литургияны жүргізді.
Архипасторға қызмет еткендер: Алма-Ата епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов), Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), протодиакон Николай Гринкевич, диакон Андрей Плетень, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков.
Әндерді Митрополит округінің хоры (регент - Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстер - В. Дударева) және Вознеский шіркеуінің хоры (регент - Н. Зубревич) орындады.
Литургия соңында епископ Геннадий діни қызметкерлерге және қызметке қатысушылардың барлығына ортақ дұға үшін алғысын білдіре отырып, жиналғандарға ғибратты сөздерін айтты.
Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан Алматы қаласының Алатау шағын ауданындағы Талдықорған викариатының өкілдігі – Қасиетті Құдай Ана атындағы шіркеуінде Литургияны атап өтті.
Оның Мәртебелісіне қызмет еткендер: архимандрит Гавриил (Тутберидзе), протоиерей Владимир Глухих, иерей Николай Матлашов, диакон Рустик Якупов.
А.Аверьянованың жетекшілігімен Благовещенский шіркеуінің хоры ән шырқады
Литургияда дұға еткендер: Алатау ықшамауданының православиелік тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің діндарлары.
Ғибадат ету соңында билеуші Клавдиан табынушыларды жексенбілік күнімен құттықтап, уағыз айтты.
Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин Алматы қаласының Қарасу ықшамауданындағы Қасиетті Кресттің көтерілу құрметіне арналған шіркеуде Литургия өткізді.
Иерархқа қызмет еткендер: Крестовоздвиженский шіркеуінің ключары иерей Роман Бурдуков, Крестовоздвиженский шіркеуінің клириктері иеромонах Левкий (Ершов) және диакон Павел Корниенко.
Литургия әндерін Н. Бурдукова жетекшілігімен Оңтүстік астананың Крестовоздвиженский шіркеуінің хоры орындады.
Архипастор сүйіспеншілікті арттыру және барлық өшпенділік пен зұлымдықтың жойылуы үшін дұға етті.
Литургия соңында епископ Вениамин ғибадат етушілерді «Кіші Пасха» мерекесі - жексенбілік күнімен құттықтап, тағылымды сөз сөйледі.
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр