28 қыркүйек 2024 жыл. Астана. Иеміздің өмір беретін Крестінің Көтерілуінен кейінгі мерекенің бірінші күні Астана епархиясының құрылғанына 25 жыл толу мерекесін ашқан Успен кафедралды соборында құдайлық литургия өтті.
Мерекелік іс-шараның басты оқиғасы Мәскеудің қасиетті Матронасының жәдігерліктері бар кеменің бас шіркеудің күмбезінің астына әкелінуі болды.
Литургия кезінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға қызмет еткендер: Екатеринбург митрополитінің басшысы Екатеринбург және Верхотурье митрополиті, Орыс Православие Шіркеуінің Жоғарғы Шіркеу Кеңесінің мүшесі, Діни білім беру және катехезия Синодтық бөлімінің төрағасы; Бердянск және Приморский епископы Федор; Алматы приходтарының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров, Құдай Ананың «Азап шеккендерге қуанышы» белгішесінің құрметіне Алматы шіркеуінің басшысы, протоиерей Евгений Воробьев; Алматы православиелік діни семинариясының ректорыгың м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Астана қаласындағы құрметті Серафим Саровский шіркеуінің клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), Іле шіркеу округінің құремтті өкілі протоиерей Александр Зырянов, иеромонах Херувим (Левин), митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Алматыдағы Қазан соборының ключары иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодеакон Владимир Сыровацский, протодиакон Александр Мокий, диакон Илья Давыдов, диакон Иоанн Чуркин.
Әндерді Ольга Варенцованың жетекшілігімен кафедралды собор хоры орындады.
Ғибадат ету кезінде дұға еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Петропавл және Булаевский архиепископы Владимир, Галичский және Макарьевский епископы Алексий (Кострома митрополисі), Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викарийесі Талдықорған епископы Клавдиан, Астана епархиясының викарийесі Талғар епископы Вениамин, Орал және Атырау епископы Вианор; Қазақстан митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; «Фонд Апостол» қоғамдық қорының басшысы Г.Г. Сосновский, Астана епархиясының басқармасының қызметкерлері, көптеген приходтар мен қажылар қатысты.
Қасиетті өлең оқылу сәтін пайдалана отырып иерей Георгий Рублинский Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Мәскеудің құтты Матронасының жәдігерліктерінің Қазақстанға әкелінуіне байланысты үндеуін оқыды.
Литургия соңында Жаратқан Иенің Крестінің Көтерілу мерекесіне және қасиетті Матронаға оның жәдігерліктері бар кеменің алдында мадақтаулар болды.
Қызмет соңында митрополит Александр иерархтарға, дін қызметкерлеріне және мерекелік шаралардың барлық қатысушыларына ортақ дұға үшін алғысын білдіріп, жиналғандарды православие әлемінде ерекше құрметтейтін Құдайдың таңдаулы әулиесінің жәдігерліктерінің Астанаға әкелінуімен құттықтады және ғибадат етушілерге ғибратты сөзін арнады.
После проповеди владыки митрополита началось поклонение мощам блаженной старицы Матроны. Вознести молитвы угоднице Божией собрались жители и гости столицы, большое число паломников из городов и сел центрального Казахстана.
Митрополиттің уағызынан кейін қасиетті Матронаның жәдігерліктееріне тағзым ету басталды. Елорда тұрғындары мен қонақтары, орталық Қазақстанның қалалары мен ауылдарынан дұға етушілер көптеп жиналды.
Мирополиттік округ басшысы митрополиттік округтің хатшысы О.Н. Овчинникованы туған күнімен құттықтап, оған Қасиетті шіркеуге қызмет етуде Иемізден көмек, ақыл-ой мен денсаулық, шығармашылық табыс тіледі. Билеуші Олег Николаевичке қасиетті просфора мен гүл шоғын табыс етті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр