ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Метрополис
29.09.2024, 11:50

Астанада Қазақстан Митрополиттік округі Синдының отырысы өтті

Астанада Қазақстан Митрополиттік округі Синдының отырысы өтті

28 қыркүйек 2024 жыл. Астана.Қазақстан Митрополиттік округінің апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының синодтық залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Қазақстан Православие Шіркеуінің Синодының отырысы өтті.

Қазақстан Митрополиттік округі Синодының құрамында: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Қарағанды ​​және Шахтинск архиепископы Севастиян, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Сенрпапион, Петропавл және Булаевский архипескопы Владимир, Қазақстан православ шіркеулерінің істерінің басшысы, Қаскелең епископы Геннадий, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викарийі Талдықорған епископы Клавдиан, Астана епархиясының викарийі Талғар епископы Вениамин, Орал және Атырау епископы Вианор; құрметті мүшесі – архиепископ Антоний (Москаленко) болды.

Жалпы дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы архипастырларға сөз сөйлеп сәлемдесіп, жиналғандарды Мәскеудің қасиетті әулиесі Матронаның жәдігерліктерін Қазақстанға әкелу қуанышымен құттықтап, күн тәртібін жариялады.

Синод жұмысын митрополит Александр Құдай Анасының «Емші»  ғажайып белгішесінің Алматыға әкелінуі, еліміздің Оңтүстік астанасында Астана және Алматы епархиясы осы жылдың мамыр айында өткен 25 жылдығын тойлануы және  маусым айында Астана қаласындағы епархияның ең көне ғибадатханасы – апостолдарға теңдес император Константин мен оның анасы Елена патшайымның атындағы собордың құрылғанына 170 жыл толуы туралы баяндамасымен ашты. 

Митрополиттік округ басшысы Синод мүшелеріне өзінің Шымкент және Ақтөбе епархияларына жасаған сапарлары мен дипломатиялық миссиялардың басшылары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Д.А. Абаевпен, Қазақстандағы апостолдық нунций архиепископы Джордж Панамтундилмен және Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі П.В. Утюпинмен кездесулері туралы айтып берді,

Митрополит Александрдың Қостанай және Рудный епархиясында ІІІ халықаралық ғылыми-богословиялық  «Тимонов оқулары» атты конференцияның өтуі және Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгуессоның Алматыдағы Вознесенский соборына сапары туралы хабарламасы тыңдалды.

Митрополит билеушісі Синодты биылғы тамыз айында белорус жерінің тумасы,  мәңгі есте қалар ардақты ақсақал миитрополит Иосифтің  (Чернов) 50 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында өткен Қазақстан Митрополиттік округі делегациясының Беларусь Эксархатының киелі жерлеріне қажылық сапары туралы хабардар етті.

Митрополиттік округтің істері жөніндегі басшысы Қаскелең епископы Геннадий бірқатар іс-шараларға: қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері бойынша собораралық комиссиясының қатысуымен өтетін  отырысқа, «Тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудегі дін көшбасшыларының рөлі»  тақырыбында өтетін халықаралық дінаралық онлайн-конференцияға және жасанды интеллект және биоэтика бойынша дөңгелек үстелге қатысуы туралы баяндамалар жасады.

Синод мүшелері Өскемен және Семей архиепископы Амфилохийдің Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаевпен және Орал және Атырау епископы Вианордың Атырау облысының әкімі С.Ж. Шапкеновпен кездесуі туралы хабарламасын тыңдады .

Астана епархиясының викарийесі, Талдықорған епископы Клавдиан Қазақстан православие шіркеуінің монахтарына арналған «Монастырь бауырластығын толықтыру. Бұл неге байланысты?» атты танымдық конференциясын өткізу жоспарланғанын хабарлады.

Жиын соңында Синод мүшелері 27 қыркүйекте архипастырлық қасиетті тағайындауының 35 жылдығын атап өткен Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына құттықтау сөздерін арнап, Алланың мейірімін, күш-қуат пен Мәсіхтің шіркеуіне ұзақ жылдар бойы қызмет етуін тіледі.

Қазақстан Митрополиттік округі Синод мәжілісінің журналдары Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кирилл бекіткеннен кейін шығарылады (Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысының XIII тарауының 9-бабын қараңыз: «Журналдар Митрополиттік округтің синодтары Қасиетті Синодқа ұсынылады және Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархымен бекітіледі».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді