29 қыркүйек 2024 жыл – Жоғары Көтерілуден кейінгі Елуінші күн мерекесінің 14-ші аптасы; Ұлы шейіт Евфемияны және Чех ханшайымы шейіт Людмиланы еске алу күні.
Қазақстанның бас қаласы – Астананың Успен кафедралды соборында Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллдің батасымен Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. Мерекенің басты оқиғасы Мәскеудің Қасиетті Матронасының жәдігердіктерін Митрополит округу аумағына әкелінуі болды. Бір күн бұрын қасиеттілер салынған кеме собордың күмбезінің астына қойылып, сенушілердің дұға етулері үшін собордың ортасына орнатылды.
Мереке күні Құдайлық Литургияны басқарғандар: Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орталық Азия Митрополит округінің басшысы, Ташкент пен Өзбекстан митрополиті Викентий және Бүкіл Беларусь Патриархалды экзархы Минск және Заславский митрополиті Вениамин.
Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының тұрақты мүшелеріне қыщмет еткендер: қонақ-архипастырлар – Қазан және Татарстан митрополиті Кирилл, Сингапур және Оңтүстік-Шығыс Азия митрополиті Сергий, Ханты-Мансийск және Сургутский митрополиті Павел, Кострома және Нерехтский митрополиті Ферапонт, Екатеринбург және Верхотурский митрополиті Евгений, Элистинский және Калмыцкий архиепископы Юстиниан, Галичский және Макарьевский епископы Алексий, Бердянск және Приморский епископы Федор; қазақстандық епископат– Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион, Петропавл және Булаевский архиепископы Владимир, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викарийесі Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Вениамин, Орал және Атырау епископы Вианор.
Сондай-ақ Құрметті иерархтарға қызмет еткендер: Алматы приходтарының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров, Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Алматыдағы Құдай Ананың «Қайғығандардың бәрінің қуанышы» белгішесінің құрметіндегі шіркеу басшысы протоиерей Евгений Воробьев; Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдігі жанындағы митрополит Александрдың көмекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангель (Гагуа); Қарағанды епархиясының басшысы иеромонах Моисей (Патрикеев), Элистинский архипескопының жеке хатшысы протоиерей Евгений Гончаренко, Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Татарстан митрополиті хатшысы иеромонах Кирилл (Корытко) және қасиетті әулие Димитрия монастырь басшысы Ханты-Мансийск қаласының Ростов митрополиті игумен Антоний (Кирипичев); Астана шіркеу округінің діни қауымы; архипастор қонақтарымен бірге келген клириктер; диакондық шенді протодиакон Николай Гринкевич.
Литургия кезінде дұға еткендер: Астана қаласының Құдай Анасының «Адасқандарды іздеу» белгішесінің құрметіндегі монастырдің басшысы Севастиана (Плотникова) монастыр қызметкерлерімен; Қазақстан митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер өайраткері, орыс шіркеуінің әндерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; «Фонд Апостол» қоғамдық қорының басшысы Г.Г. Сосновский, Астана епархия басқармасының қызметкерлері, көптеген приходтар мен қажылар.
Мереке қонақтары болғандар: Қазақстан Республикасындағы апостолдық нунций (Ватикан Елшісі) архиепископ Джордж Панамтхундил, Қазақстан Евангелдік-лютерандық шіркеуінің құрметті архиепископы Юрий Новгородов; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары А.П. Рау, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары О.В. Перепечина, Қазақстан Республикасы Ақпарат және мәдениет вице-министрі Қ.Ж. Ысқақов; Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі П.В. Утюпин, Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.С. Дюшекеев, Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі О.С. Леон; Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкен; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры А.Ю. Волков, Н.Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Б.С. Сәрсенбаев; қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері.
Әндерді Ольга Варенцованың жетекшілігімен Успен соборының хоры орындады.
Діни қызметкер Георгий Рублинский қасиетті өлеңнен кейін Мәскеудің қасиетті Матронының жәдігерліктерінің Қазақстанға әкелінуіне орай Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Жолдамасын оқыды.
Көптеген сенушілер Мәсіхтің Қасиетті құпияларына бірауыздан қатысты.
Литургия соңында Иеміздің құрметті Крестіне тағзым етіліп, қасиетті әулие Матрона жәдігерліктері бар кеменің алдында мадақтаулар айтылды.
Протодеакон Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русьтің Әулие Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы мен епископатына, архипастыр қонақтарға; Президентке, Үкіметке, әскерилерге және бүкіл Қазақстан халқына көпжылдық ғұмыр тіледі.
Литургия соңында Ташкент пен Өзбекстан митрополиті Викентий Мәскеу және Бүкіл Русьтің Әулие Патриархы Кириллдің Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың архипастырлық қызметінің 35 жылдығына орай құттықтауын оқыды. Сонымен қатар епископ Викентий Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына Орталық Азия митрополиттік округінің архипастырлары, дінбасылары, монастырлары мен діндарлары атынан ізгі тілектерін де білдірді.
Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан митрополит Александрды Қазақстан Православие Шіркеуінің Синодының атынан есте қаларлық күнімен құттықтап, ХХ ғасырдағы сенімді мойындаушы және тақуа Митрополит Иосифке (Чернов) тиесілі архиерейлік таяқты митрополитке дұғалық естелік ретінде сыйға тарту етті.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы өз кезегінде құрметті билеушілерге, дінбасыларға, монатарға, приходтар мен қажыларға жылы лебіздері үшін шын жүректен алғысын білдірді және ғибадатқа қатысушылардың барлығына Қазақстан жерінде Христос шіркеуіне одан әрі қызмет етуде Құдайдың көмегін жіберу үшін терең дұға етуді сұрады.
Қазақстан митрополиттік округінің басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуымен және православие халқы ерекше құрмет тұтатын Мәскеулік қасиетті Матронаның жәдігерліктерінің Қазақстанға әкелінуімен құттықтады. Мұнан соң ғибадат етушілерге ғибратты сөзін арнады.
Көрсетілімнің бейнежазбасын «Семиречье» православиелік телестудиясы жүргізді (режиссер – мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер В. Посаднева, оператор А. Шмидт); фотосуретке түсіруді А.Щеглов жүргізді.
Успен кафедралды соборындағы қызметтің соңында сенушілер қасиетті Матронаның жәдігерліктеріне тағзым етулерін жалғастырды.
Сол күні Митрополит Александр Қазақстан православиелік шіркеуінің Кирилл мен Мефодийге тең елшілер атындағы рухани-мәдени орталығында Астана епархиясының құрылғанына 25 жыл толуы мерекесіне келген архипастырлармен, Республика үкіметінің өкілдерімен, дәстүрлі конфессиялардың жетекшілері және дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр