30 қыркүйек 2024 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығының камин залында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана епархиясының құрылғанына 25 жыл толуы мерекесіне келген архипастырлармен кездесті.
Кездесуге қатысқандар: Бүкіл Беларусь Патриархының Экзархы, Минск және Заславский Митрополиті Вениамин, Қазан және Татарстан митрополиті Кирилл, Сингапур және Оңтүстік-Шығыс Азия митрополиті Сергий.
Сөйлесуге қатысушылардың қатарында Қазақстан митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников;Алматы діни семинариясының ректоры м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов;
Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров; Хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы келеген қонақтармен құрылғанына 25 жыл толуын тойлап жатқан Астана және Алматы епархиясының өміріндегі негізгі оқиғалар, шіркеудің әлеуметтік, қайырымдылық, ағартушылық іс-шараларын жүзеге асыру және жастар жобалары мен Алматы православиелік діни семинариясының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті.
Митрополит билеушісі архипастырлардың елдегі діни өмірге қатысты сұрақтарына жауап беріп, мемлекет пен дәстүрлі конфессиялардың, ең алдымен ханафи мәзһабындағы ислам мен православиенің ынтымақтастығы тақырыбына жеке тоқталды.
Татарстан митрополисі мен Қазақстанның православ шіркеуі арасындағы қарым-қатынасты дамыту жұмыстарын ескере отырып, митрополит Александр митрополит Кириллді «Бейбітшілік пен келісім» (Мир и Согласие) орденімен марапаттады.
Митрополит Александр Қазақстанға сапарының кәдесыйы ретінде Қазақстан митрополиттік округіне келген қонақтарға Орталық Азиядағы христиан дінінің тарихынан сыр шертетін кітаптарды, сондай-ақ Мәскеудің қасиетті Матронасының икондарының көшірмелерін сыйға тартты. Республика астанасында болған екі күн ішінде 10 мыңнан астам адам әулиенің жәдігерліктеріне тағзым етті, содан кейін қасиеттілер таңнан кешке дейін рухани жұбаныш пен күш-қуат алуды қалайтын қажылар шексіз ағылып жатқан Алматы қаласындағы Иверско-Серафим монастырының Әулие София соборына апарылды. Келген архипастырлар Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына жылы қабылдауы үшін алғыстарын білдіріп, Астана епархиясының құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу аясында өткізілген барлық іс-шаралардың лайықты деңгейін атап өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр