ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.10.2024, 10:15

Қостанай қаласы Мәскеулік қасиетті Матрона жәдігерліктерін қарсы алды

Қостанай қаласы Мәскеулік қасиетті Матрона жәдігерліктерін қарсы алды
12 қазан 2024 жыл. Костанай қаласы. Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстанға келген Мәскеудің қасиетті Матронасының жәдігерлікері Қостанай епархиясына келді.
 
Қасиеттіні Астана мен Қазақстан митрополиті Александр жеткізді.
 
Жәдігерліктерді әкелуге қолдау көрсетуші президент Г.Г. Сосновский басшылығымен «Апостол»қоғамдық қоры болып табылады.
 
Сапар тарихи күндер – Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына және алдағы  Митрополит округінің канондық мәртебесін бекітудің 15 жылдығына орайластырылып отыр.
 
Әуежайда иерархты және онымен бірге келген делегацияны Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақов қарсы алды.
 
Әуежайдан Әулие Матронаның жәдігерліктері бар кеме апостолдарға тең император Константин мен Елена патшайымының атындағы кафедралды соборына жеткізілді.
 
Қасиеттілерді тропарион әні «Құдайдың данышпан қасиетті Матронасы» сүйемелдеуімен Константин-Еленинский соборының күмбезінің астына әкелініп, ғибадатхананың ортасына орнатылды, содан кейін митрополит Александр басқарған түні бойы сергектік  басталды.
 
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Құдай Ананың «Барлық қайғы-қасіреттің қуанышы» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеуінің басшысы, протоиерей Евгений Воробьев, Қостанай епархиясындағы Қазақстан Православие шіркеуі басшысының көмекшісі иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Қостанай облысы, Качар ауылындағы Михаил шіркеуінің басшысы протоиерей Василий Королев, епархияның бас шіркеуінің клиригі иугмен Иннокентий (Помогалов), Лисаковск қаласындағы Қасиетті Әділ Иоанн Кронштадт құрметіне арлналған шіркеу басшысы протоиерей Олег Калмыков, Константин-Еленинский кафедралды соборының клиригі протоиерей Андрей Корчажников, ректор Қостанай қаласындағы Михаил - Архангел шіркеуінің басшысы протоиерей Виталий Клеба, Костанай қаласындағы Никольск шіркеуінің басшысы протоиерей Виталий Гуцан, Қостанай облысы Федоровка ауылындағы әулие Николай Чудотворец атындағы приходтың басшысы протоиерей Алексий Мостовщиков, митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығы меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттік протокол қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Иоанн Чуркин, Қостанай епархиясының басшылары мен діни қауымы.
 
Т.Жебрактың жетекшілігімен Константин-Еленинский соборының хоры ән шырқады.
 
Полиелеяда діни қызметкерлер қасиетті  Матронаға  мадақтау әнін айтты.
 
Інжіл тұжырымдамасын оқығаннан кейін митрополит Александр дін қауым мен приходтарды жексенбі күнімен және Қостанай епархиясына православиенің ұлы қасиеттілерін әкелу қуанышымен құттықтап, жиналғандарға ғибратты сөзін айтты.
 
Канонды ән айту кезінде сенушілер қасиетті зәйтүн майымен сыланды.
 
Қазақстан митрополиттік округінің басшысы Константино-Еленинский соборында Құдайлық Литургияны атап өтеді. Басталуы  8:30-да.
 
Қасиеттілер 12-14 қазан аралығында Қостанай епархиясында болады.
Пікірлер

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

К
Константин , 4 ай бұрын

Хорошая Новость!!!

Сілтеме көшірілді