Қазан соборындағы Литургия аяқталғаннан кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александр жаңа оқу жылы басталар алдында дұға жасады.
Митрополиттік округ басшысымен бірге дұға еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольск шіркеуінің басшысы протоиерей Валерий Захаров, Христорождественский шіркеуінің ключары протоиерей Александр Гайченя, Литургияда қызмет ететін дін қызметкерлері.
Дұға етуге қатысқандар: қалалық жексенбілік мектептердің ұстаздары мен тәрбиеленушілері, Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері мен зайырлы оқу орындарының оқушылары қатысты.
Әнді Н.Головинаның жетекшілігімен оңтүстік астананың жексенбілік мектептерінің біріккен балалар хоры орындады.
Дұға ету барысында білім алушыларға барлық жақсы және пайдалы білімді меңгеруде ақыл, даналық, күш пен қуат беру сұралынды.
Салтанатты шара соңында митрополит Александр жиналғандарға ғибратты сөз сөйлеп, ақ батасын беріп, жастарға Құдайдан жәрдем, денсаулық және барлық істерде сәттілік тіледі.
Ғибадат етуге қатысушылар естелік ретінде Құдай Анасының Феодоровский және Қазан бейнелері бар белгішелерді, сондай-ақ тәтті сыйлық алды.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр