ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
19.10.2024, 17:45

Митрополит Александр Оңтүстік астанада өткен музыкалық форумға қатысушыларға шіркеу марапаттарын табыстады

Митрополит Александр Оңтүстік астанада өткен музыкалық форумға қатысушыларға шіркеу марапаттарын табыстады

19 қазан 2024 жыл. Алматы қаласы. Астана және Қазақстан Митрополиті Александр «Қазақстан Православие Шіркеуіндегі регренттік қызмет. Шеберлікке апаратын жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушыларымен кездесті.

Кездесу Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығының камин залында өтті.

Кездесуге қатысқандар: Орыс шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу және қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, Мәскеу Синодтық хорының көркемдік жетекшісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А.А. Пузаков; Елохов қаласындағы Мәскеу Богоявленский кафедралды собор хорының регенті, В.С. Попова атындағы хор өнері Академиясының хорды дирижерлау кафедрасының оқытушысы А.К. Майоров; 

Философия ғылымдарының кандидаты, «Таким образом» арнасының авторы С.Т. Кругликов.

Пікір алмасуға қатысушылардың қатарында Қазақстан митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматы діни семинариясының ректоры м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының басшсы иерей Георгий Сидоров; Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының басшысы Л.Е. Горичева болды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы келген қонақтармен құрылғанына 25 жыл толған Астана және Алматы епархиясының өміріндегі негізгі ақпаратпен бөлісті, шіркеудің әлеуметтік, қайырымдылық, ағартушылық іс-шараларын жүзеге асыру және жастар жобалары мен Алматы православиелік діни  семинариясының қызметі туралы айтып берді.

Шіркеулердің ән айту дәстүрін жаңғырту және нығайту жұмыстарын ескере отырып, Митрополит округінің басшысы Түркістан және Ташкент архиепископы, Жетісудың ағартушысы Әулие Софонияны, Орыс шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеу және қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, Мәскеу Синодтық хорының көркемдік жетекшісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А. Пузакованы; Елохов қаласындағы Мәскеу Богоявленский кафедралды собор хорының регенті, В.С. Попова атындағы хор өнері Академиясының хорды дирижерлау кафедрасының оқытушысы А.К. Майоровты; 

Философия ғылымдарының кандидаты, «Таким образом» арнасының авторы С.Т. Кругликовты медальдармен марапаттады.

Митрополиттік округ басшысы марапатталушыларға жауапты мойынсұнушылықтарды орындауда Жаратушы Иеден мол көмек тіледі және оларға еңбектеріне бата ретінде Қазақстандағы православиенің өмірі туралы баяндайтын басылымдар мен Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілігімен хордың жазбалары бар музыкалық дискілерді берді.

Қонақтар Билеушіге шіркеудің жоғары ілтипаты үшін ризашылықтарын білдіре отырып, ғылыми-практикалық конференцияның лайықты деңгейін атап өтті және иерархпен Астана және Алматы епархиясының киелі жерлерін аралау және Оңтүстік астананың көрікті жерлерімен танысудан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Естелік ретінде топтық сурет түсірілді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді