ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Құдайдың қызметтері
01.09.2024, 12:00

Митрополит Александр Ақтөбенің Никольск кафедралды шіркеуінде жексенбілік Литургияны атап өтті.

Митрополит Александр Ақтөбенің Никольск кафедралды шіркеуінде жексенбілік Литургияны атап өтті.

1 қыркүйек 2024 жыл – Қасиетті Құдай Ананың мәңгі өмірге көшу мерекесінен кейінгі тойлау, Құдай Анасының Донский иконасының құрметіне арналған мереке.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақтөбе қаласындағы Никольск шіркеуінде Литургияны атап өтті.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викариесі, Талдықорған епископы Клавдиан; «Барлық қайғырғандарға қуаныш» Құдай Ана белгішесі құрметіне  арналған Алматы шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Ақтөбе шіркеу округі құрметті өкілінің м.а.иеромонах Киприан (Дахно), Ақтөбе қаласындағы постолдарға тең  Ұлы князь Владимир ғибадатханасының басшысы протоиерей Димитрий Соловьев, Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Ақтөбе епархиясының діни қауымы; Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, Ақтөбе епархиясының хатшысы Борис Фатеев, диакон Сергей Мешков.

Ғибадат ету басталуына қарай Ақтөбе епархиясының бас шіркеуіне сенушілердің құлшылық ету және рухани нығаюы үшін мыналар жеткізілді: Құдай Ананың «Целительница»  (Емші) ғажайып белгішесімен «мера в меру» нақты тізімі,  Православиенің  қасиеттілері -  Аспан патшайымының шапанының жыртысы және Құдайдың Қасиетті Анасының табытынан алынған тасы бар кемелер.

Литургиялық әндерді С.Королеваның жетекшілігімен Никольск шіркеуінің хоры орындады.

Іс-шараға қатысты қасиетті өлең айтылған соң протоиерей Дмитрий Соловьев уағыз айтты.

Литургия Құдай Анасының мәңгі өмірге мерекесін ұлықтаумен аяқталды, содан кейін митрополит иерархтарды, дін қауымды және баршасын Кіші  Пасха - жексенбілік күні мерекесімен құттықтап және өнегелі сөзін жеткізді.

Ғибадат ету соңында әкелінген қасиеттілерге бас иіп, тағзым етті.

Кешке дейін епархия қауымы Аспан патшайымына акафистпен бірге дұға етеді.

Литургия соңында Қазақстан Православие шіркеуінің басшысының Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының басшысы А.Ж. Тұралиевпен кездесуі өтіп , оның барысында Ақтөбе епархиясы мен облыстың зайырлы билік органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

«Мәңгілік өмірге Құдайды және жақынды сүю арқылы қол жететінін біз білеміз, дей келе, Жаратқан Иенің өзі бізге тағы бір ұлы шындықты ашты: Адамды Аспан Патшалығына жетелейтін Мәсіхтің қасиетті күш-қуат беретін құпияларының бірі - Құтқарушымыздың мейрамына арнап жасалатын арнайы тағам. Осы рәсімге қатысу - ізгілік көзі және күнәдан арылудың тиімді құралы болып табылады. Иеміз Иса Мәсіх бізге былай деп ескертеді: Арнайы тағамнан дәм етпесеңдер, шынайы өмірді сүрмейсің” (Ин. 6:53). Сырттай ғана бақылап, сенушілерге оразаны дұрыс ұстағаны үшін, Құдайдың ғибадатханасына жиі барып оған қатысқаны үшін берілетін бұл рақымға толы сыйларды сезіну, жұбаныш пен жәрдемін алу мүмкін емес. Жеке рухани тәжірибеге ақыл-ойды күштеумен, ерік-жігер мен сезімді мәжбүрлеулеумен алмастыруға болмайды, себебі « Құдай Өзін жақсы көретін адам үшін дайындаған сыйды көрмеген көз, естімеген құлақ, сезінбеген жүрекпен тең» (1Кор. 2:9). «Дәмін татып көр және Иеміздің қаншалықты жақсы екеніне көзің жетеді!» (Пс. 39:9), - жыршы Давид сөзімен айтқанда, бізді, Мәсіхтің шіркеуін шынайы, рухани өмірге қосылуға шақырады». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

К
Константин , 6 ай бұрын

Отличная ! Новость!

К
Константин , 6 ай бұрын

Отличная Новость!

Сілтеме көшірілді