25 қараша 2024 жыл. Мәскеу. Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София шіркеуі жанындағы Патриархалдық қоналқалық үйіндегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Қазақстан Православие Шіркеуінің қайырымдылық жасаушылары – Николай Владимирович және Ольга Владимировна Коробовскиймен кездесуі өтті.
Кездесуге Өкілдіктің қызметкерлері мен София шіркеуінің клириктері қатысты.
Митрополит Александр қайырымдылық жасаушылардың еңбегін Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары наградаларымен бағалады – Николай Владимирович Алматы және Қазақстан митрополиті діндар Николай орденімен марапатталды; Ольга Владимировнаға «Еңбек үшін» (За труды) ордені табысталды.
Ордендерді табыстай отырып, иерарх Қасиетті Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің сөздерін келтірді: «Кім шіркеулерді салып, қалпына келтірсе, ол тарихта қалады. Тек адамзат тарихында емес. Бұл кісілердің есімдері Өмір Кітабында арнайы жазылады».Билеуші митрополит Коробовскийлер отбасы рухани және мәдени маңызы бар жобаны жүзеге асыруға белсене қатысып жатқанын атап өтті. «Сіздердің мейірімді көмектеріңізбен 2012 жылдан бастап Патриархалдық қоналқалық үй мен Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Өкілдігі орналасқан «Миусидегі» ежелгі шіркеуде толық көлемде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жоғары білікті мамандарды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Келесі жылы ерекше тарихи күн – приход өмірінің жандануының 35 жылдығын тойлауға дайындалып жатқан шіркеу үшін жасаған барлық істеріңіз үшін алғысымды білдіремін. София шіркеуі үшін оның сапалы, жоғары кәсіби қалпына келтіруден артық сыйлықты елестету мүмкін емес», - деді, архипастор атап айтқанда.
Митрополит Александр марапатталғандарға рухани және физикалық күш-қуат және барлық игі істер мен талпыныстарда Құдайдың көмегін тіледі.
Әңгімелесу барысында иерарх қонақтарға Қазақстан Православие Шіркеуінің өмірі туралы, атап айтқанда, Әулие Патриарх Кириллдің батасымен православие халқы ерекше құрметтейтін Мәскеудің қасиетті Матронасының жәдігерліктерінің елдің аумағына әкелінуі туралы айтып берді. Митрополиттік округ басшысы қасиеттінің Республика аумағында болған уақытында 300 мыңнан астам адам тағзым еткенін атап өтті.
Кездесу соңында митрополит Александр мен Өкілдіктің қонақтары ізгі тілектермен алмасты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр