10 маусым 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері мен ұстаздары «Дарындылар жәрмеңкесі» Халықаралық байқау-фестивалінің аяқталуына арналған концертке қатысты.
Қазақстан Республикасындағы Россотрудничествоның өкілдігімен ұйымдастырылған форум 4 ақпан мен 30 сәуір аралығында сырттай форматта өтті. Оған жүзден астам адам қатысты.
«Дарындар жәрмеңкесі» - өнердің түр түрлерінде дарындылығын танытып жүрген жастарды қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан Пушкиниадасы» Халықаралық шығармашылық фестивалінің екінші маусымының басты шараларының бірі.
«Алма-Арасан» сайында «Жас үй салушы» лагерінің аумағында өткен концерт барысында фестиваль лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараны Россотрудничество өкілдігі басшысының орынбасары М.С. Симакова басқарды. Орталық жексенбілік мектеп ұстаздары мен тәрбиеленугілеріне жеңімпаздар дипломдары мен сыйлықтар табыс етілді.
Қасиетті азапкер Анастасия Римлянаны еске алу күні митрополит Александр Алматы қаласындағы Матрона храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр