21 желтоқсан 2025 жыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы қаласындағы Никольский соборы жанындағы шіркеулік жиналыстар Залында «Рождестволық Періште» атты мерейтойлық XVI шығармашылық балалар- жасөспірімдер фестивалі өтті.
Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет бөлімі қолдауымен Оңтүстік астанадағы Никольск соборының Орталық жексенбілік мектебі іс-шараның ұйымдастырушысы болды.
Фестиваль кураторлары – Қазақстан Православие Шіркеуінің істер басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий және Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің жетекшісі иерей Богдан Бойко; жоба жетекшісі – Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова.
Мәсіхтің Рождество мерекесіне арналған фестивальге қала мен облыстың 15 шіркеу-жексенбілік мектебінен 400-ден астам тәрбиеленуші қатысты.
Байқау барысында балалар өз өнерлерін үш бағытта көрсетті: үш номинациядан тұратын - жеке ән орындау, ансамбль және хор; сурет пен қолданбалы өнер көрмесі, сондай-ақ хореография конкурсы.
«Рождестволық Періште» атты XVI шығармашылық балалар мен жасөспірімдер фестивалінің жеңімпаздары қазылар алқасының құпия дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды.
Марапаттау рәсімін Қаскелең епископы Геннадий басқарды.
Салтанатты шара басталар алдында фестиваль ұйымдастырушылары атынан жиналған қауымды Г.В. Черепанова қарсы алып, барша қатысушыларға атқарылған еңбектері үшін алғысын білдіріп, келе жатқан Жаңа жыл мен Мәсіхтің Рождествосымен құттықтады.
Қонақтарға шығармашылық сайыстарға қатысқан балалар дайындаған шағын концерт ұсынылды.
Фестиваль жеңімпаздары:
Балалар суреттері байқауы
I орын – Әулие ұлы шейіт Параскева Пятница атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебі және Қазан соборының жексенбілік мектебі;
II орын – Никольск соборының Орталық жексенбілік мектебі және қасиетті апостолдарға тең кнәз Владимир атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебі;
III орын – Апостол Иоанн Богослов атындағы ғибадатхананың және Крестовоздвиженский ғибадатханасының жексенбілік мектебі.
Балалар қолөнер бұйымдары байқауы
I орын – Владимирский ғибадатханасының жексенбілік мектебі және Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің жексенбілік мектебі;
II орын – Орталық жексенбілік мектеп және әулие ұлы шейіт Параскева Пятница атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебі;
III орын – әулие Косма мен Дамиан Асийскийлер атындағы ғибадатхананың және Есік қаласындағы Покровский ғибадатхананың жексенбілік мектебі.
Хореография конкурсы
Шығармашылық байқаудың бас-жүлдесі — Орталық жексенбілік мектебі;
I орын – Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің, Покровский ғибадатханасының және әулие ұлы шейіт Параскева Пятница атындағы жексенбілік мектебі;
II орын – Қасиетті Құдай Анасының Покровский ғибадатханасының жексенбілік мектебі.
Ән байқауының жеңімпаздары
«Жеке орындау» номинациясы
Шығармашылық байқаудың бас-жүлдесі – Орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушісі Мамонова Серафима;
I орын – Филиппова Марина Орталық жексенбілік мектеп;
II орын – Заикин Николай қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебі.
«Ансамбль» номинациясы
I орын – Богоявленский ғибадатханасының жексенбілік мектебі;
II орын – қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятница атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебі.
«Хор» номинацияс
I орын – әулие апостол Иоанн Богослов атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебінің хоры;
II орын – Орталық жексенбілік мектептің аға хоры және Богоявленский ғибадатханасының жексенбілік мектебінің хоры;
III орын – қасиетті шейіт Адриан мен Наталия атындағы ғибадатхананың жексенбілік мектебінің хоры және Орталық жексенбілік мектептің кіші хоры.
Барлық байқаулар мен номинациялар бойынша жүлдегерлер Қаскелең епископы Геннадийдің қолынан дипломдар, сыйлықтар және естелік тартулар алды. Жиналғандарға арнаған сөзінде архипастырь ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде өткен фестиваль үшін алғысын айтып, жас жеңімпаздарға зор денсаулық, амандық және жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Алматыда XVI балалар- жасөспірімдердің шығармашылық «Рождестволық Періште» атты фестивалі өтті
Толығырақ
Қазақстан жеріндегі Православие игілігі жолында еңбек еткендер шіркеу наградаларымен марапатталды
Толығырақ
Қазақстан Митрополитік округінің Басшысы Қасиетті Патриарх Кириллдің сапарын дайындауға қатысқаны үшін елорда әкімдігінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс білдірді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр