21 желтоқсан 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астанай епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы «Вифлеемге апарар жолда» атты халықаралық жастарға арналған онлайн-викторинаны өткізді.
Зияткерлік сайыстың сұрақтарына қазақстандық жастармен қатар Өзбекстан, Ресей және Латвия елдерінен келген оқушылар мен студенттер командалары жауап берді. Іс-шараға барлығы 24 команда қатысты (оның ішінде 6 команда приходтық жастар клубтары мен зайырлы ұйымдардан, 18 команда жексенбілік және жалпы білім беретін мектептерден).
Интернет-карусель – тапсырмаларды командалық түрде орындауға негізделген сайыс. Карусельге қатысқан барлық командаларға бір мезгілде, қатаң тәртіппен бірдей сұрақтар ұсынылып, оларға дұрыс жауап беру талап етілді. Онлайн-викторинаның уақыты жетпіс минутпен шектелді.
Зияткерлік жарыс екі кіші топта өтті: жексенбілік мектептер және жастар клубтары.
Викторина сұрақтары Інжіл тарихындағы оқиғаларды, сондай-ақ Христостың Рождествосы, Қасиетті Богоявление және Жаратқан Иенің Сретение мерекелері қызметтерінің ерекшеліктерін білуге бағытталған тапсырмаларды қамтыды.
Онлайн-викторина қорытындысы бойынша төмендегі ұжымдар жеңімпаздар мен жүлдегерлер деп танылды.
«Жексенбілік мектептер» кіші тобы
I орын
II орын
I орын
II орын
Өткен зияткерлік турнирдің сұрақтары «Православная интернет-карусель» сайтында қолжетімді.
Митрополит Александр мен католик архиепископы Томаш Пэта Қазақстандағы христианаралық және діндераралық диалог мәселелерін талқылады
Толығырақ
Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр