24 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы рухани семинариясының сырттай бөлімінің 4-курс студенттерінің бітіру біліктілік жұмыстарының қорғалуы өтті.
Бітіру аттестаттау комиссиясына Алматы рухани семинариясының ректоры, теология ғылымдарының кандидаты, протоиерей Евгений Иванов төрағалық етті.
Жұмыс тобының құрамында болғандар: тәрбие жұмысы жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский, оқу ісі жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев, шіркеу тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя, шіркеулік-тәжірибелік кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты иерей Владислав Пашков, сырттай бөлімнің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, рухани оқу орны кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов, Алматы рухани семинариясының инспекторы иерей Евгений Бессонов, шіркеу тарихы кафедрасының оқытушысы иерей Кирилл Фрейганг, рухани оқу орнының шіркеу тарихы кафедрасының хатшысы иерей Кирилл Коноплев кірді.
Іс-шара басталар алдында жиналғандар ортақ дұға жасады, содан кейін протоиерей Евгений Иванов оқытушылар құрамы мен студенттерді құттықтап, жиналғандарға Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының батасын жеткізді.
Студенттердің баяндамалары аяқталған соң аттестаттау комиссиясының кеңесі өтіп, қорғау нәтижелері жарияланды. Ғылыми кеңес мүшелері ұсынылған дипломдық жұмыстардың жоғары сапасын және олардың қазіргі кезеңдегі шіркеулік қалыптасу тұрғысынан өзектілігін атап өтті.
Алматы рухани семинариясының ректоры атқарылған еңбектері үшін оқытушылар құрамына алғыс білдіріп, сондай-ақ түлектерді және олардың ғылыми жетекшілерін сәтті қорғауымен құттықтады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы рухани семинариясының сырттай бөлімінің бітірушілерінің бітіру біліктілік жұмыстарының қорғалуы өтті
Толығырақ
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатийді туғанына 60 жыл толуымен құттықтауы
Толығырақ
Ақтөбе епископы Игнатийді туғанына 60 жыл толуымен Патриархтың құттықтауы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр