ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
02.01.2026, 13:00

СПбРА-ның «Русско-Византийский вестник» журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александраның Түркістан архиепископы Софониидың (Сокольский) Қасиетті Афон тауына жасаған қажылығы туралы мақаласы жарияланды

СПбРА-ның «Русско-Византийский вестник» журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александраның Түркістан архиепископы Софониидың (Сокольский) Қасиетті Афон тауына жасаған қажылығы туралы мақаласы жарияланды

2025 жылғы 31 желтоқсанда Санкт-Петербург рухани академиясының ғылыми «Русско-Византийский вестник» журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың 1849 жылы Түркістан архиепископы Софониидың (Сокольский) Қасиетті Афон тауына жасаған қажылығы туралы мақаласы жарияланды.

Жарияланымның атауы:

«Біздің елшіліктің архимандритін көргенде, барлығы орындарынан тұрып, оны ілтипатпен қарсы алды…»: 1849 жылы архимандрит Софониидың (Сокольский) Афонға жасаған қажылығы (тарихи реконструкция тәжірибесі).

Зерттеуде сапардың мән-жайлары қайта жаңғыртылып, оның Ұлы Даланың болашақ апостолының рухани болмысы мен қызметінің қалыптасуына ықпалы айқындалады. Жұмыстың негізін бұрын жарияланбаған архивтік дереккөздер құрайды. Бұл деректер қажылықтың нақты мерзімін, бағытын және оған қатысқан тұлғалардың есімдерін нақтылауға мүмкіндік берді.

«Русско-Византийский вестник» журналы Ресей Федерациясының Жоғары білім және ғылым министрлігіне қарасты Жоғары аттестациялық комиссия ұсынған басылымдар тізіміне енеді. Бұл журналда кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежелер алу үшін ұсынылатын диссертациялық зерттеулердің нәтижелерін қамтитын мақалалар жарияланады.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мақаласымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

https://scientific-journals-spbda.ru/f/rvv-322-2025_sajt.pdf (112-бет).

Дәйексөз келтіруге арналған толық библиографиялық сипаттама:

Александр (Могилев), митр. «Біздің елшіліктің архимандритін көргенде, барлығы орындарынан тұрып, оны ілтипатпен қарсы алды…»: 1849 жылы архимандрит Софониидың (Сокольский) Афонға жасаған қажылығы (тарихи реконструкция тәжірибесі) // Русско-Византийский вестник. 2025. № 3 (22). 112–127-бб.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді